Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Мидың орнына компьютер қосқан...

БЛОГТАР

14 қараша 2017
2763
0

Мидың орнына компьютер қосқан...

Мидың орнына компьютер қосып,
Сөйлеспей тек желілерге ғана кіреміз,
Қауышу орнына смайлик тосып,
Табиғатты теледидардан ғана көреміз...

Мониторлар, мониторлар, мониторлар!
Ақпарат мұхиты, Ғалам Тор теңізі...
Соткакүнемдер, планшетбастар, айфонқорлар!
Цифровой ғасыр - электроника жеңісі!!!

Достар орнына - суреттері жансыз,
Қыдырмай тек сайттарда ғана жүреміз,
Махаббат емес - виртуалдық мәнсіз,
Сотканы еш тастамай өмір сүреміз...

Мониторлар, мониторлар, мониторлар!
Құмарлық та өзі, бос уақыт та өзі...
Қағаз кітаптар, аула ойындар, мектеп борлар - 
Устарелый енді - тек көненің көзі!

Әже тәлімін мультфильмдер басып,
Тойларда тек туысқанды танып, білеміз,
Адам санынан сотка он есе асып,
Жүрекке емес, жарнамаға сеніп, ереміз...

Мониторлар, мониторлар, мониторлар!
Ақпарат мұхиты, Ғалам Тор теңізі...
Соткакүнемдер, планшетбастар, айфонқорлар!
Цифровой ғасыр - электроника жеңісі!!!

Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha