Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
Италияндық жанрдағы туындылармен танысып, тарихтан сыр шертіңіз

БЛОГТАР

21 қараша 2017
3300
0

Италияндық жанрдағы туындылармен танысып, тарихтан сыр шертіңіз

       Бүгін 21 қараша қазақ елінің мәдениет саласында айтулы күн. Қазақстан Республикасындағы Италия Республикасының Елшілігі, Елордамыздағы Ұлттық академиялық кітапханасына арнайы түрде кітаптарды сыйға тарту рәсімін өткізді.

         Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі – Стефано Раванян мырза, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры – Андрей Хазбулатов, Елшілік қызметкерлерім мен кітапхана қызметкерлері және оқырмандар қатысты.

         Мақсаты – дипломатиялық қарым-қатынастарды орнату аясында рухани және мәдени мұраны жақындастыру мен сақтауға жәрдемдесу.         Естеріңізде болса, 2016 жыл Қазақстанда «Италия жылы»,-деп жарияланған болатын. Италия мен Қазақстан арасындағы мәдени қарым-қатынас жайында:

  • «Осы шара аясында көптеген тың жаңашылдықтарға қол жеткізіп, терең қарым-қатынастар арқылы мол тәжірибе алмастық. Көне қолжазбалар дерегін алып, эстрада мен опера жанрларында бірлесе маман даярлау істерін бірлесе жүзеге асырдық. Міне, осыған қарап Италия – Қазақстанның ең жақын мәдени серіктесі деп айтуға толық мүмкіндік бар», - деген болатын ҚР Мәдениет және спорт министрі – Арыстанбек Мұхамедиұлы

         Италия әдебиеті – әділеттілік турасында әлемдік әдебиеттердің ішінде алдыңғы қатарда. Себебі, еуропалық аренада бастауын XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында негіздеді.

         Айта кетерлік жайт, XV ғасырдағы итальяндық жазушылардың басым бөлігі шығармаларын латын қарпінде жазған.

         Италия әдебиетінің шығу тегі Сицилиялық поэтикалық мектептің провансальдық үлгілеріне негізделген дәстүрлі махаббат поэзиясына арналады. Белгілі итальяндық жазушылар: Данте, Марко Поло, Боккасчио, Умберто Эко және т.б.

         Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 12 маусымында құрылды. 2009 жылы мемлекетаралық стратегиялық әріптестік туралы мемлекетаралық келісімге қол қойылған болатын.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha