Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
Швеция Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Христиан Камилдің қатысуымен өткен дөңгелек үстел

БЛОГТАР

05 маусым 2017
3755
0

Швеция Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Христиан Камилдің қатысуымен өткен дөңгелек үстел

     Бүгін, яғни 5 маусsм күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Швеция Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Христиан Камилдің қатысуымен «Қазіргі заманғы, күнделікті өмірдің және тарих саласындағы зиялылармен тәжірбие алмасу, халықпен мәдени көпір салу» мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.

    Дөңгелек үстелге 7 адамнан тұратын делегация шақырылып, «IK Foundation»  ұйымының қызметімен таныстырды.

    Сондай-ақ, Швед академиясының профессоры Бо Рольф, Швед мәдениетін шетелдермен ілгерлету ісі жөніндегі Корольдік қоғамның Бас хатшысы Ларса Бергман, «IK Foundation» қорының зерттеушісі Ларс Ханс, ҚР Швеция елшілігінің екінші хатшысы, аудармашы Бенгт Эрикссон және ҚР Швеция елшілігінің сауда және инвестиция жөніндегі кеңесшісі Руслан Оразалинов және кітапхана қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

     Дөңгелек үстел модераторы – саяси ғылымдардың докторы, профессор,  кітапхананың ғалым хатшысы Камал Бұрханов:

     Швед делегациясымен таныстығымыздың қуанышты жағдай екенін тілге тиек ете отырып, Шведцияның заң жүйесі, мәдениеті, экономикалық жағдайының қызықтыратынын айтты. Еліміздің өзге алпауыт мемлекеттер сияқты өзіндік ерекше атауы бар ол: «Ұлы дала» деп аталады. Еуразияның жүрегі. Елімізде әртүрлі елдердің мәдениеттері кең етек жайған. Діндердің әрбірін кездестіруге болады. Бізге 1000 жыл бұрын Ислам діні келген, дегенімен әр ел өз салтымен өмір сүреді. Ислам бізде толерантты, еш саясатқа, сот үкімдерге қатысы жоқ. Сондықтан тарихымыз тереңде. Сақ дәуірінен бастау алатын V-VІІ ғасырларда өмір сүрген қанзадамыз болған. Алғашқы мемлекет ХІV ғасырда Ақорда болған және астанасы Сығанақ деп аталған. 500 бұрын Асанқайғы Жәнібек ханға астанаңды Орталыққа көшір деп өсиет айтқан екен. Тәуелсіздік алған соң елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Астанаға көшірді»,-деп тарихымыздың тереңнен бастау алатын тұстарына тоқталып өтті.

    «IK Foundation» қорының зерттеушісі Ларс Ханс:

    «Біз достығымызға дәне ризамыз.  Соңғы жылдары Елшілікпен Петропавл, Алматы, Астана  және көрші ел Қырғызстанда іс сапармен болдық. Көптеген мұражайлармен, мәдениет ошақтарымен, жергілікті зиялылармен кездестік. Қатты әсер қалдырған елдің табиғаты болды.  Осыдан 4 жыл бұрын сыйға кітаптар тарту еткенбіз».

     Айта кетейік 2015 жылы Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Христиан Камил ҚР ҰАК-на (ҚР Ұлттық академиялық кітапхана) әлемге әйгілі ғалым Карл Линнея студенттерінің жұмыстары жазылған кітаптарын сыйға берген болатын. Бұл жұмыстарда ХVІІІ ғасырдың 70-жылдарындағы Петропавл қаласының күнделікті өмірі туралы қазіргі заманғы Қазақстан аумағын сипаттайтын мәліметтер жазылған.

     Йохан Питер Фальктың материалдары қазіргі Қазақстан аумағы туралы жазылған ең бірінші жазбалары болып табылады. Сондай-ақ, керуендер жолы ретінде саналған Петропавл, Орал қалалары мен Есіл және Ертіс өзендері туралы жазылған. Бұл жұмыстардың ерекшелігі танымал швед ботанигі Карл Иоганнның оқушысы Иоганн Фальктің оқытушысы сияқты дәлелді ақпараттар жинап отырған. Сонымен қатар И. Фальк сол кезеңде өмір сүрген халықтардың провинциялық өмір жолын сипаттаған.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha