Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
«ҚАЗАҚСТАН – 2030-дан «ҚАЗАҚСТАН – 2050-ге»

БЛОГТАР

23 қараша 2017
7146
0

«ҚАЗАҚСТАН – 2030-дан «ҚАЗАҚСТАН – 2050-ге»

   Бүгін  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның 2030 жылға  дейінгі даму бағдарламасынның 20 жылдығына орай «Қалыптасқан мемлекеттің стратегиялық серпілісі: «Қазақстан – 2030-дан «Қазақстан 2050-ге» атты тарихи-құжаттық және кітап көрмелерінің ашылуы болып өтті.

   Көрмені ҚР Президенті Архиві құнды құжаттық көрме бағытында ұсынған. Іс-шараға ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты серіктес ретінде қатысса, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар тарихтан сыр шерткен құнды деректермен танысуға жиналды.

  Көрмеге «Қазақстан-2030» Стратегиясының қабылдануы мен жүзеге асырылуының негізгі кезеңдерін бейнелейтін бірегей архивтік құжаттар,  Тәуелсіз Қазақстан тарихының деректі таспасын бейнелейтін кітаптар қойылған.

   Негізіне тоқталсақ, «Қазақстан-2030» стратегиясы алғаш рет 1997 жылы қазан айында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында баяндалған. Бұл құжат өркендеген мемлекетті орнатудағы еліміздің қарқынды жұмысының бастамасына айналды.

 «Қазақстан-2030» Стратегиясы Тәуелсіздіктң құру жолында «жол картасы» болып табылады. Бұл құжаттың өн бойынан қауіпсіз және тұрақты негіздегі нарықтық экономикасы бар кәсіби мемлекетті құру басымдылығы айқын көрінеді. Ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық топтасу; экономикалық өсу; Қазақстан әлемдік экономика мен геосаясатқа енуіне саяси және экономикалық серпілісті қамтамасыз еткен іргетас ретінде қарастырылады. 1997 жылдан бері өткен кезең ішінде Қазақстанда әлемдік экономикалық реформалар, қолайлы инвестициялық климат орнату, қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету арқасында Қазақстан экономикалық өсу қарқыны бойынша әлемдік көшбасшылардың біріне айналды. «Қазақстан-2030» Стратегиясына белгіленген мақсаттар мен міндеттер 2013 жылдың өзінде-ақ ойдағыдай орындалады. Қазақстан қазіргі таңда – қалыптасқан мемлекет!

   Көрменің ашылуында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші мамандары және ҚР ҒБМ ҒК Мемлекет тарихы институтының ғалымдары кемел елдің жарқын болашағының жарық та, даңғыл болатындығына сеніммен қарап, ізгі ілтипаттарын білдірді. 


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha