Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ЖАҢАЛЫҚТАР
2021 жыл кітаптары анықталды

Блогтар

31.12.2020
10181

2021 жыл кітаптары анықталды

2021 жыл кітаптары анықталды

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында өз орнын тауып келеді. Аталмыш жоба қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған.

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы осымен 15 жыл қатарынан ұйымдастырып келе жатқан акция аясында таңдалған кітаптар республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық және мектеп кітапханаларында кеңінен насихатталатын болады.

 

Жақында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенімдеміз.

 

Назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізімін ұсынып отырмыз.

 

Поэзия

1.Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан».

2. Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным».

3.Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап».

4.Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы».

5.Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары».

6.Бақытжан Қанапиянов «Достояние души».

 

Проза

1.Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі».

2.Тобық Жармағамбетов «Отамалы».

3.Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр».

4.Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет».

5.Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ».

6.Тұрысбек Сәукетай «Желқайық».

 

Драматургия

1.Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы.

2.Дулат Исабеков «Жеті желкен» пьесалар жинағы.

3.Мадина Омарова «Көмбе нанның дәмі».

4.Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағы.

5.Думан Рамазан «Пешене» пьесалар жинағы.

6.Сая Қасымбек «Жанталас».

 

Балалар әдебиеті

1.Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар».

2.Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек».

3.Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити».

4.Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн».

5.Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу».

6.Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».

 

Аударма

1.Юсупов Кеңес

Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық».

2.Әдетов Бекболат

Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір».

3.Ахметов Әділ

Агата Кристи «Ғайып болған миллион».

4.Меллат Төлеген

Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн».

5.Мәзен Динара

Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме».

6.Құрметұлы Амангелді

Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы».

 


Бөлісу:      
Утжанов Досжан
16.01.2021 01:40
Мұхтар Шаханов, Шерхан Мұртаза сынды ағаларымыз бұл тізімге неге ілікпеді екен? Қазақ әдебиетінің алтын қорына енген көптеген шығармалар жоқ. Кейінгі буын дейін десең, Мұқағали, Жұмекен сынды аңыз адамдарды көргенде Мұқаң мен Шер ағаңның жоқтығын түсіне алмадым.
Шайбекова Гульжанат
08.01.2021 12:02
Қателеріңіз көп кетеді мысалы Халед Хоссейни ды қате жазыпсыздар тағы басқалары да бар.
Жансая
14.01.2021 21:06
Ол қазақшалап жазғандары шығар. Мысалы, сіздің есіміңізді Гульжанат деп емес, "Гүлжанат" деп жазар ма еді мақалаға.. Өз ойым..
Пікір қалдыру: