Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
САТИРА
© Жоқ Махаббат

БЛОГТАР

10 маусым 2017
4166
0

© Жоқ Махаббат

Қара жерге асығып түскен ақ қарда білмеген шығар аяққа тапталып барып еритіндігін...менде білмегем...

Жалғанның жалғандығын білсемде, жүректің сырын әлі де ұқпай, білмей келе жатқандығыма көзімді жеткізген сәтті сірәда ұмыта алмайтындаймын...мүмкін ұмытып та кетермін.

Ақ қарды асықпай басқан қадам...басқадан артық толық аяқтың ізі, өкшесі өзгеше «жоқ көңілдей» көтерілмеген. 

Бояусыз бетіне жамылған орамалының өрнегін бетіме басып тұрып, жүзімде әрбәр өрнегі отты ізімен ою салса да өкінбейтіндей ой. 

70-80 жылдар стиліндегі «деним» джинс... «хипстерлерден» қалған аманаттың біздегі бір белгісі. 

Ауаның райындағы ылғалдылықпен үндескен мөлдіреген жалғыз жанарлар...

Қасымда тұрған досымның Ларс фон Триердің фильмдері туралы айтып жатқандығын, алақанымда ерімей қалған ақ қарды көргенде ғана есіме түсті.

Досымды емес, өзімді ғана тыңдап тұр екем... іштен шыққан дауыстың «Ми’леди, Ми’леди, Ми’леди»...деген үнсіз сөздерін.
© Жоқ Махаббат


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha