Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Бақыттың кілті - байлықта емес, анаңда...

БЛОГТАР

14 маусым 2017
5451
1

Бақыттың кілті - байлықта емес, анаңда...

Бақыттың кілті - байлықта емес, анаңда,
АНаңның жанын түсініп, ұғын, алаңда!
Ғұмырға сені әкеліп, бақыт сыйлаған,
Анаңдай жақын адам да болмас ғаламда.

Бағасын ұғын, асқар тау асыл әкеңнің,
Қорғаның болып, керегіңді де әперді.
ӘКЕнің берген тәлімі, ойы, бағыты -
Осы бір күннің жетістігіне сені әкелді.

Кейбіреулер жүр қадірін білмей , ұғып та,
Өмір - бір сәттік  соғып өткен жел,  ұмытпа,
Аялағандай сәби шағыңда көтеріп,
Қуантып, шалқыт, ата-анаңды әркез ұлықта!..

Арай Жундибаева

Семей қаласы

Бөлісу:
     

Пікірлер (1)

Кенжеғали

24.01.2019 10:44
Жарайсың, Арай қыз! Мені тағы да бір қырыңмен таңғалдырдың!..
Пікір қалдыру:
Captcha