Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
«Ұлттық-ақпараттық саясат және халықаралық ынтамқтастық контекстіндегі Ұлттық кітапханалар» № 2 Сессиясы

БЛОГТАР

27 маусым 2017
2890
0

«Ұлттық-ақпараттық саясат және халықаралық ынтамқтастық контекстіндегі Ұлттық кітапханалар» № 2 Сессиясы

Бүгін «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» Халықаралық симпозиумы аясында серіктестік пен ынтымақтастық, халықаралық қызметті жүзеге асыруда оқуды қолдау парадигмасы мен мәдени біліктілікті арттыру және оқырман белсенділігін өсіру, Ұлттық кітапханалардың ұлттық-ақпараттық саясатының өзекті мәселерін  талқылау мақсатында болып өтті.

Сессия жұмысына Қытай, Корей, Иран, Ресей, Беларусия, Армения елдерінің кітапхана өкілдері баяндамалар оқыды.  Германия, Ұлыбритания, Италия елдерінің және еліміздегі облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардың кітапханашылары, оқытушылар мен оқырмандар қатысты.

Сессияда қазіргі таңдағы халықаралық кітапханалық қызметтің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өсуге ықпал ететін ең маңызды бағыты кітапхана қызметкерлерінің халықаралық ұйымдар мен конференцияларға қатысу, әлемдік кітапханалық-ақпараттық қорларды бірлесіп құруы, кітапхана ісі саласындағы тәжірбие мен ақпараттарды бөлісу, кітапханалық және ақпараттық қызметтің жоғары сапалы құндылықтарын арттыру болды.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha