Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
«Сыйға кітап тарту» рәсімі

БЛОГТАР

27 маусым 2017
4592
0

«Сыйға кітап тарту» рәсімі

         «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» симпозиумы аясында әлем кітапханалары еліміздегі бас кітапханамыз ҚР Ұлттық академиялық кітапхана қорына тарихтан сыр шерткен, салт-дәстүрдің қайнар көзіне айналған, оқырман мен тыңдаушыға арналған түрлі елдердің кітаптары мен аудиокітаптарын және фотоальбомдарын табыс етті.

        «Сыйға кітап тарту» рәсімінің алғы сөзін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ү.Д. Мұналбаева барша жиылған әлем елдерінің кітапхана директорларына алғысын білдіріп, сахнаға шақыра сөз берді.

         Сахна төріне Беларусия Ұлттық кітапханасының директоры Мотулский Роман Степанұлы және М.Ф. Ахундов атындағы Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының директоры Тахиров Керим Магомедоглы, З. Валиди атындағы Башқұртстан Республикасының Ұлттық кітапхана директоры Ильясова Люция Шарифьянқызы, Молдава Республикасынан Гағауыз мәдениет және туризм басқармасының кітапхана басқарамысының бас маманы Люленова Евгения Георгиқызы, Қырғызстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директорының орынбасары Байтакова Гүлнара Қалыбайқызы, Саха(Якутия) Республикасының Ұлттық кітапханасының кітапхана-ақпараттық қызмет көрсеті жөніндегі орынбасары Андреева Мария Виталиқызы, Н.И. Лобачевкий атындағы Қазан федералдық университетінің, Татарсатн Ұлттық кітапханасының директоры Лексина Юлия Анатолиқызы, Ярослав Мудрый атындағы Украина Ұлттық кітапханасының директоры Выегжанина Тамара Измайлқызы және Арменияның Ұлттық кітапханасының директорлары шығып құнды кітаптар тарту етті.

       Атап айтар болсақ келген мемлекеттердің мемлекеттік тілдерімен орыс тілдерінде жазылған ел тарихына сыр шерткен кітаптар, аудармалар  әуендер жинақтары кітапхана қорын толтырды.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha