Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
ТАҢҒАЖАЙЫП КІТАПТАР МЕН ҚОЛЖАЗБАЛАР кітап көрмесі

БЛОГТАР

31 қаңтар 2018
5292
0

ТАҢҒАЖАЙЫП КІТАПТАР МЕН ҚОЛЖАЗБАЛАР кітап көрмесі

  Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Таңғажайып кітаптар мен қолжазбалар» атты топтамамен 15 дана қолжазба мен Литографиялық кітаптар көпшілік оқырманға ұсынылды. 

  Көрменің мақсаты – ел тарихына, мәдениеті мен ғылымына қатысты көне қолжазбалар мен сирек кездесетін басылымдарды мәдени-тарихи жағдайдағы олардың әлеуметтік рөлін, көне ғасырдан бері қалыптасқан отандық жазба мәдениетін жан-жақты көрсету.
      Ескі Латын тіліндегі қолжазба – Адам терісінен жасалған 1532 жылғы кітап қойылды. 
   Үлкен кітап – Молла Самарқанидың Әбдірахман Жәмиден жазып алған шығармасы.

     Кішкентай кітап – Құран кітаптар
   Ескі ОРАМА ҚОЛЖАЗБА – Әбулғари Сұлтан Абдул Алланың адамзатқа жіберген соңғы пайғамбары - Мұхаммед (с.ғ.с.) жөнінде, сахабалар мен әулиелер, ерекше жаратылған діндарлар жайындағы орама қолжазба. ХҮІІ ғ. Көлемі: 17х54 см 
Әбілғазы өз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы болды. Ол өзі туралы: Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрселер берген. Мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі — әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі ; 
Eкіншісі — ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде меснеуи, қасида, ғазел, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу; 
Үшіншісі — бұрын Сауд Арабиясы, Иран, Тұран, Моңғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу деп жазды. Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғылыми ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл тауып, оны Бұхар ахунына орысша аудартқан. Көп өзгерістерге ұшырамай, қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас таза көне түрік тілінде жазылған қолжазба алғаш рет француз (1726), орыс (1770, 1780) және неміс (1780) тілдерінде кітап болып шықты. 1825 жылы шежіренің араб әрпімен жазылған түпнұсқасы граф Н.И. Румянцевтің араласуымен Қазанда басылып шыққаннан кейін ғана ғыл. айналымға қосылды. Академик Х. Френ бұл басылымды «шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс»- деп бағалады. 1854 жылы И.Н. Березин “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3-томына Г.С. Саблуков жасаған орысша аударманы кіргізді. Жоғарыдағы нұсқасы мен Даль коллекциясынан Азия музейіне түскен жаңа қолжазбаны пайдаланып, П.И. Демезон оның салыстырмалы нұсқасын екі кітап етіп бастырып шығарды (1871 — 1874). Бұл шығарма — Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма.
   Қалың Кітап – Псалтырь ескі славьян графикасындағы діни кітап. Псалтер (шіркеулік славьян тілімен - ѱалти́рь, грекше - φαλτήριον, музыкалық аспаптың атымен псалтерия) Ветхог Заветаның інжіл кітабы. Бұл кітапта 150-151-ге жуық «әндер» мен «әнұрандардан» әртүрлі өмірлік сынақтардағы адамның жігерлі жүректерінің дұрыстығына және тыныштығына негізделген. Еврей тілінен аударылған. Киелі кітапта Забурдың Аюп кітабынан кейін және Сүлейменнің Нақылдары кітабының алдында орын алған. Бірнеше ұлттық Киелі кітаптарда «Забур» деп аталады, мысалы, грекше. Ψαλμοί, Eng. Забур жырлары.
  Ескі Күнделік – «Дневник ЗАПИСКИ путешествия капитана Николая Рычкова в киргиз-кайсацкой степи 1771 году».– Спб., 1772 г.
   Алғашқы қазақ тіліндегі Діни Эпос – араб графикасында жазылған «Сияр Шариф» ҚОЛЖАЗБАСЫ. 1920 жыл. Бұл жинақ қолжазба. 2-3 адамның қолынан шыққан. Мұның көпшілігі Шады Төренің атақты «Сияр Шарифы». Оны көшірген және Шадыдан өзі соны қалап алған Нөгербек Құдабайұлы Машанов. Ол кісі 1932 жылы қайтыс болды. Қосымша көшірмелер Жексенбайұлы Рамазан деген адамдікі. Үшінші қосымшасы «Сиярдан» басқа пайғамбарлар тарихы, шариғат, ғылым жайында көп мәліметтер бар. 
  Бұл қолжазбаны Қарқаралы қаласында тұратын Мұхаметхан Махмұдұлынан 1977 жылы сұрап алынып, 1979 жылдың 5-ші қаңтарында музейге табыс еткен.
- Бұл қолжазбаға Мұхамбет пайғамбардың қиссалары қазақ дүниетанымы бойынша баяндалған. Сонымен қатар пайғамбарға салауат айту хикаялары, жыраулардың пайғамбарға арнаулары, әулие ғұламалардың пайғамбар туралы тебіреністері берілген. Кітапта фальклорлық жанрдан бөлек Батыстың академиялық зерттеу тәсілімен жазылған Мұхамбет пайғамбар мен Батыс әлеміндегі оған деген көзқарас жайлы аударма еңбек те орын алған. Кітап Ислам құндылықтары мен Мұхамбет пайғамбардың өмір тарихына қызығатын барлық оқырман қауымға, ізденушілерге, зерттеушілерге арналған.
  Алғашқы бала сауатын ашуға арналған кітап – Міржақып Дулатұлының «Оқу құралы». Бастауыш мектепте екінші жыл оқылатын Қирағат кітабы. Орынбор 1924 ж. 
   Ұстазы Ы. Алтынсариннің оқу-ағарту мәселесіне байланысты идеяларын әрмен қарай дамыта келіп, ол да Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға, атап айтқанда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне, шәкірттердің жаңа бағдарламар арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән берді. Бұл айтылғандарды оның «Мұғалімдерге» атты мақаласынан 1915 жылғы, «Қирағат» кітабына жазған алғы сөзінен жақсы байқауға болады: «... балаларды,- дейді ол, - оқыту өз алдына бір ғылым. Ғылым – педагогика... Мектеп программасында бірінші орын алған нәрсе қирағат, баяндап оқыту... Қирағаттың мақсатын түсінбеген мұғалім үміт еткен пайданы бере алмайды... Жас балаларды оқыған нәрсесі хақында ойлануға, оның мағынасын, қасиетін сездіруге қалай үйретпек керек? Баланы оқыған нәрсесін бір-біріне ұйқастырып ойлануына, оқып шыққаннан кейін жадында ретті һәм толық мағынасымен қалдыруға әдеттендіруі керек.» «Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсерлі, күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан, һәм табиғаттан жазылып, баяндап оқытудың асыл мақсатына муафик үйретуден, осылай біліп, баяндап оқытқанда, балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, ана тілін анық үйреніп, керекті мағлұмат алып шығады. Мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың мектеп медрессесінде оқыса да, қай жұрттың арасында жүрсе де,» сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да тіршілігінде қандай ауыртпалық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады. Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру...» М. Дулатовтың жазған «Қирағат» кітабы 1924 өзінің құрылыс жағынан бастауыш класс оқушыларына жеңіл, түсінікті тілде, табиғатпен байланысты әңгімелерден (жылдың төрт мезгілі, ел өмірі, тұрмыс-тіршілігі) тұрады, яғни мұнда биология, экология, салт-дәстүрден хабар беру көзделген. 
   Сирек қордағы алтынмен апталып көшірілген қасиетті кітап – Құран Кәрім, Араб тілінде
    Алғашқы діни хикмет – Қожа Ахмет Яссауи «Диуани хикмет» XVII ғасыр. Литография
   Ең ескі поэзия жинағы – Хафиз, Жами, Физули, Бедия, Руми, Әлішер Науаи (Қолжазба) Парсы тілінде, ХІХ ғ.
  Ғылмани өлеңдері – Сәдуақас Сәлменұлы Ғылмани (1890-1972) Ақмола облысы, Ерейментау маңындағы Малтабар ауылы—Алматы) — ел арасында Сәкен қалпе (халфе) атанған көрнекті қоғам және дін қайраткері, аудармашы, хадисші, ақын. Ерейментаудағы бірнеше мешіттің имамы. 1952—1972 жж. Қазақстан қазиятының қазысы, Орта Азия және Қазақстан діни басқармасының мүшесі болған.
 Сәдуақастың өмірбаяндық жырларынан оның анасынан 11 жасында айырылғаны, алғаш араб тілін өз бабасынан үйренгені, кейін Шарықты жайлауында Байдүйсен хазіреттен сабақ алғаны, 14 жасында «бала» молда атанып, Тасбақа, Өмірзақ ауылдарында шәкірт оқытқаны белгілі болды. 15 жасқа жеткенде бұрынғы оқуына көңілі толмай, бір қыс Төре ауылындағы Айтмағамбет молдадан «Бұғар Зада», «Тұхфаны» меңгереді. 1916 жылғы көтеріліске қатысқанын «надандық салдарынан» деп түсіндіріп, соған өлең жолдарын арнаған:

Әлекке кездестірді қараңғылық,
Айтқанға тіл алмадық соңына еріп.
«Күлің көкке ұшады» десе дағы,
Жүре бердік «айтақ» деп мазақ қылып.

  Ағартушы өткен ғасырдың 70-жылдары «Құран туралы жала мен өтіріктерге қарсы» атты кітапты, 110 мыңға жуық сөзден құралған «Арабша-қазақша түсіндірме сөздікті», «Ел аузынан жиған-тергендер» деген еңбектерді жазды. Құран аятары мен хадистердің тәпсірлерін, мәуліт өлеңдерін, діни сауалдарға жауаптар мен діни уағыздарды әзірледі. 14 тараудан тұратын «Калила мен Димнаны» қазақшаға аударды. Қазақстан ғылым академиясының тапсырысымен әл-Фараби шығармаларын тікелей араб тілінен қазақшаға аударуға атсалысты. Қайтыс болар алдындағы өсиетке қарағанда, ол Ислам діні туралы 42 кітапша жазған. 2006 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мәдениет және рухани даму институты Сәдуақас Ғылманидің соңында қалған қомақты поэзиялық мұрасын жинақтап, сараптап, 2010 жылы «Ел-шежіре» баспасынан жеке кітап қылып шығарды.

   Ескі қолжазба – Фикх. Мұсылмандық шарттары. Шамамен ХІХ ғасыр. Араб тілінде. Қара және қызыл сия аралас жазылған. Мұхамед пайғамбар, имам Әли , т.б. сахабалар мен имамдардың дін жолындағы күресі.
  Шағатай тіліндегі қолжазба – Шамамен кейінгі шағатай кезеңі ХVІІІ ғ. Хұсни хат үлгісінде жазылған және суреттермен әсемделіп, өлең түрінде берілген өлеңдер мен ертегілер.

Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha