Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

БЛОГТАР

05 шілде 2017
4217
0

Өмір

 

 

Жолаушы, жолың болсын, ашық болсын...
Тоқташы. Аялдашы. Асықпашы...
Бәріміз жолаушымыз, гүл өсірген,
қайда кетіп барамыз білесің бе?!
Гүлдер, гүлдер жайқалған, үзілдірген,
гүлдер, гүлдер, ақ гүлдер, қызыл гүлдер...
Жолаушы жолаушының ізін көрген,
гүлдер, гүлдер келетін күзін білген.
Біліп тұрып, боламыз білмегендей,
жусан өскен төбеден жүрмегендей.
Бәлкім, сөзім сүріншек, қате шығар,
десек те, Уақыт күліп өте шығар.
Жолаушы, 
Күн күрсінсе, Ай жылаған,
Аспаннан әр сәт сайын ой құлаған.
Гүлдер қазір ұйқыда, оянбасын,
Жолаушы, асықпашы, аялдашы...

 


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha