Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ

БЛОГТАР

19 сәуір 2018
5129
0

БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ

   23 сәуір ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай және кітапхананың ашылуына 14 жыл толуына арналған Ашық есік күні өтеді.

  Күннің басты оқиғасы – ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жанынан  Балалар кітапханасының ресми ашылуы болмақ.

  Балалар кітапханасының құрылуы елімізде жас қазақстандықтарға ақпаратқа тең қол жеткізудің еркіндігі бойынша балаларға қызмет көрсетудің заманауи үлгісін қалыптастыруға және қоршаған ортада олардың маңыздылығын растауға мүмкіндік береді. Балалар кітапханасы еліміздің ертеңі қазақстандық жастардың дамуына және тәрбие алуына  өз үлесін қосады.

    Балалар кітапханасында кітаптар мен баспа жұмыстарының басқа да  түрлері (10 000 дана) қойылған. Кітапхана ресурстарын бөлу үшін әрбір жас тобына арналған зияткерлік және рухани дамыту топтары (4-6 жас, 7-10 жас, 11-15 жас) және бос уақыттарын өткізу үшін арнай залдар, дамыту бөлімдері (шығармашылық залы, электронды оқу залы, робототехника үйірмелері және т.б.) бар.

     Кітапханаға кіру балалар үшін олардың қолданулары мен тіркелгендеріне қарамастан тегін болады. Әрбір қызмет көрсету залында оқырмандардың кітап оқулары үшін және әдебиеттерді іріктеуде, сондай-ақ, кітапхана технологиялары мен электронды ресурстармен жұмыс істеуге көмектесетін кітапханашылар – кеңесшілер жұмыс жасайды.

       Балалар кітапханасының ашылуы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен, сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім,  жазушылар Баянғали Әлімжанов, Толымбек Әбдірайым, Серік Қалиұлы, Б. Қошым-Ноғай, әнші, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, «Ана мен бала» бағдарламасының жүргізушісі Қарақат Әбділдина, әнші, актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Әлімжанов, «Жастар» театрының актерлары, «Балапан» телеарнасының жүргізушісі Ернар Тайжан,  сондай-ақ, «ЮСИМАС» интеллектуальды дамыту Халықаралық Академиясының ғажайып балалары – Ильяс Тоқтархан, Бахтияр Байбусинов және Максим Саруханов, «Өркениет» оқырмандар байқауының 1 дәрежелі жеңімпазы Рамазан Нұржанов, құмға сурет салудан халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы Айя Бектургенова, Мөлдір Мұханова «ММ» орталығының қатысушылары, «ММ» би үйірмесінің бишілері, КТА «ММ тобы», Астана қаласының кітапханашылары мен оқырмандары қатысады.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha