Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
Астана – қазақ халқының жаңа дәуірі

БЛОГТАР

01 тамыз 2018
2019
0

Астана – қазақ халқының жаңа дәуірі

    Астананың қалыптасуы Тәуелсіз Қазақстанның тарихын әспеттеп бергендей. Жаңа астананы салу идеясын ұсынған және іске асырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметімен тікелей байланысты.

   Қазіргі кезде Астана – еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін, ел дамуының әлеуетін мен оның жарқын болашағының айқын көрсеткіші.

- Биылғы жыл Астанаға 20 жылдығын тойлау біз үшін үлкен мәртебе. Ұлттық академиялық кітапхана да Астананың мерейтойына орай көптеген іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Жақында «Астананың мәдени мәтіні» атты Халықаралық-мәдени конференцияны өткізу қолға алынды. Бұл жобада біз кітапхана ісінің жаңа кезеңге аяқ басуын, сондай-ақ, кітап оқудағы кітапхана қызметінің араласуын көрсететін тақырыптар қозғалатын болады, – деді кітапхана басшысының орынбасары Қожабекова Әлия Мамбайқызы. 

   Конференция жұмысына шет мемлекеттердің кітапханаларының басшылары шақырылып отыр. Сондай-ақ, сәулетшілер, дизайнерлер, философтар, мәдениеттанушылар, әдебиетшілер, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, тарихшылар, мұрағатшылар, мұражай қызметкерлері қатысады. Тағы бір айта кетерлігі, іс-шараға Астананың өткені, бүгіні мен болашағына қызығушылық танытатындар да өтініш бере алады.

   Конференция аясында фото, кітап, көркем және тағы басқа көрмелер ұйымдастырылады.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha