Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Кім кінәлі?

БЛОГТАР

09 қазан 2019
342
0

Кім кінәлі?

   

Айналып қоңыр күзде келді. Үйдің артындағы саябақта кешқұрым адам қалмайтын. Бірақ қара суыққа қарамастан үнемі бір кішкетай қызды көремін. Үлкен еменнің астындағы орындықта отырады. Кейде сол қыз маған ғана көріне ме деп денем тітіркенетін. Алайда, саябақты төте жол ретінде пайдаланатын жүргіншілер көзін сүзіп қарап кеткенін байқап, елес емес екеніне көз жеткіздім. Жұмыстан әр жолы шаршап келгендіктен, ол кішкентай қыздың мұндай суықта неліктен отыратынын біле алмадым. Бүгін міне, соны білудің сәті түскендей. Кілтімді таңертен үйде ұмытып кетіппін. Енді анам жұмыстан келгенін бос күткенше , жаңағы мен үшін жұмбақ болып жүрген қыздың сырласы болғым келді. Аюдың құлағы секілді қалпағы бар бұл қызды мен кішкене қыз деп жүрсем, бой жеткен екен. Ол қыз маған көз қиығын салмады. Менің денем тағы түршігіп жанына отырдым. Аздап жел ұрмаса, айнала тып- тыныш. Мен мұнда жай отырсыз ба деп бұл үнсіздікті бірінші болып бұздым. - Жай

 

- Дала суық, ауырып қаласыз ғой.

 

- Онсызда солай..

 

- Түсінбедім?

 

- Мен мұнда бостан- бос отырған жоқпын - Біреуді күтесіз бе?! Маған осы кезде ғана ару басын бұрды. Көзінің қарашығы қурап қалған жапырақтай қоп-қоңыр. Жүзі алдындағы емендей солыңқы. Қоңыр жүзіне күлкі үйіріліп -иә деп жауап берді. Менде аздап әңгімеге белсенушілік танытып

 

- Сипаттап бересіз бе мүмкін мен ол адамды танимын, осы маңда тұрады ма?!-, деп аздап әзілмен қосып та айттым.

 

- Ол 1998 жылы туылған. Оның қандай екенін білмеймін, бірақ адамдар көңілді деп айтады. Ол осында тұратын, бірақ 2 жыл бұрын кетіп қалды. Қашан келетін белгісіз.

 

- Аса анық сипат емес, бірақ неге күтесіз?

 

- Ол бар кезде менің өмірім қызық еді. Ал қазір бос шардай. Балалық шағымды өзімен алып кетті.

 

- Алғашқы маxаббат деңіз!

 

Жауабына әдемі жымиғанын байқадым. Қара суықты менде сезбей қалғандай болдым. Бұл қызды түсіне алмадым. Бір түрлі қыз екен. Қызық әңгіменің жалғаспайтынын сездім.

 

- Бастысы ауырып қалмаңыз. Мына денсаулығыңыз кетсе, өмірдің қызығы сол кезде байқалады. Қадірлеңіз барыңызды. Сөзімді аяғына жеткізбей,

 

- Егер ағаштың тамыры жоқ болса не болады деп ойлайсыз,- деді.

 

- Өледі!

 

- Ал мына емен ағашы ше, бұл тұр емес пе, тамыры қысқа болсада

 

- Бір күні бұл ағаш та желдің кесірінен топ етіп құлайды ғой. Тамыры жоқ болған соң ізін де қалдыра алмайды. Адамдар мұнда емен өскенін байқамайда қалады. Өмірдің қызығын көрмейді. Жалпы ненің болсада тамырымен болғаны жақсы ғой,мен өзімше ақылсынсындым. Сосын Ол қыз тіл қатпай кетіп қалды. Мен қоштаспадым. Келесі кеште мен Аруды саябақта кездестірмедім. Ең қызығы түнде аса қатты жел болып кәрі емен ағашы құлап жатқаны аздап кешкегі әңгімені есіме түсірді. Түнде үкіше қолыма телефонымды алып, көзімді ілуге қимайтынмын. Кенет әлеуметтік желіден менің тұратын ауданымда 2 жыл бойы амнезияға шалдыққан қыздың өзіне-өзі қол жұмсағанын оқып денем кенет суып кетті. Сағат : 00: 13. 19 жасар А. Қаласының тұрғыны өзіне-өзі қол жұмсады. Қазіргі таңда көп орын алып жатқан жастар арасында суицид тағы бір қайғылы оқиғаны ортамызға әкелді. Анасының айтуы бойынша қызы Сабинаның ешбір психикалық кесірі болмаған. Бірақ Сабина осыдан 2 жыл бұрын амнезиға шалдығыпты. Яғни, есін толықтай жоғалтып алған. Тіпті анасында танымайтынын анасы көзімне жас алып айтып берді. Сабинаның өзіне өзі қол жұмсағаны оның осы бір айығуы қиын аураға шалдыққаны себеп болмағанын Сабина 9 қабаттан секірер алдын бір жапырақ қағазға жазып қалдырыпты. Сабина мұндай арты қазалы іске баруының себебі бәрімізге жұмбақ болып қалмақ. ФОТО(Сабина әкесімен) Таныс қоңыр көздер. Бұл жұмбақтың сырын жалғыз өзім білетінімді білгенде жанымды қоярға жер таппадым. Еменді жел құлатса, сол желдің адами тұлғасы өзім екенімді елестеткенімде өзімді қылмыскер сезімдім.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу