Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

БЛОГТАР

28 желтоқсан 2018
893
0

Мән

Көруге ынтық жан бар ма сәулелі ойдың сұлбасын?..
жан кірпікке ілінген сүртеді әлем мұң жасын.
мынау жұмбақ ғаламды тану да - азап, сүю де,
миығынан бір күліп, мырс еткенде сырласың.

 

сөздер қалды өткенде - сыңғырлаған жылы ағыс,
көздер қалды көктемде - тұңғиықта, тым алыс.
құшағында аспанның құстар қайтып барады, 
жерде қалып тек қана құлқыны көп құр дабыс.

 

есіл даурен, сен-дағы ескірдің бе шынымен, 
елемеген сыңайлы күй кешейін мұны мен.
түн торыса ғаламды, тағы да сол қаламды ап, 
табу үшін өзімді жүрегіме үңілем.

 

мас қылатын көңілді мазасыз шақ бұл-дағы, 
мизам бақтың түсіндей түрленеді сыр мәні.
алмағайып ғұмыр-ай, біле алмадым, қайтейін, 
айдынына жүректің аққу қонып тұр ма әлі?..

.

 


Б.Ахмер

Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу