Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Британдық журналист Ник Филдингпен кездесу

БЛОГТАР

22 қаңтар 2019
735
0

Британдық журналист Ник Филдингпен кездесу

 

 

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханада британдық жазушы, Оксфорд университетінің профессоры Ник Филдингпен кездесу кеші өтеді.

 

Іс-шара барысында автордың «Оңтүстіктегі Ұлы далаға – Томас пен Люси Аткинсонның 1846-1852 жылдары Қазақстанға жасаған саяхаты) кітабын қазақ және орыс тілдеріне аудару үшін авторлық құқық алу жөнінідегі келісім-шартқа қол қойылды.

 

Кітапта британ зерттеушілері Томас және Люси Аткинсонның Орал, Сібір және Қазақ даласына саяхаты туралы жазылған. Люси Аткинсонның кітабының бір тарауы «Письмо из Копала от 17 октября 1848 года» (Қопалдан хат, 17 қазан 1848 жыл) Томас пен Люсидің Қазақ даласына саяхаты туралы қызықты және жылылықпен жазылған.

 

2016 жылы Ұлттық академиялық кітапханада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ник Филдингтің дәл осы кітабының («South to the Great Steppe: The Travels of Thomas and Lucy Atkinson in Eastern Kazakhstan, 1847-1852») ағылшын тіліндегі тұсаукесері өткізілген болатын. Ник Филдинг Томас пен Люси Аткинсонның ХІХ ғасырда жасаған бағдарын қайталауға тырысып көрген. ХІХ ғасырдың британ зерттеулерінің тарихын осы кітабында жазады. Сол кезде британ саяхатшысы және зерттеушісі Томас Аткинсонның шөберелері -  Пол Далквист, Белинда Браун, Филиппа Смит, РоузУайтхедпен кездесу ұйымдастырылған болатын.

 

Ал бүгінгі кездесуге Тұрсын Жұртбай, Кенжеғали Мұхамбетқали секілді белгілі қазақ жазушылары, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Шетел жазушысымен өткен кездесуді Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева жүргізіп, жазушының Қазақстан туралы жазылған еңбектерін оқырман қауымға таныстырды.

 

Ник Филдинг қазақты жан-тәнімен жақсы көретін жазушы. Қазақ мәдениетіне деген құштарлығы ерекше. Киелі жеріміздің тарихы мен салтын зерттеп, зерделеп жүрген шетелдік әдебиетшімен қарым-қатынасымыз одан ары да дами береді деп сенеміз, деді ол.

 

Британдық журналист Ник Филдинг он тоғызыншы ғасырда өмір сүрген қазақтардың тарихын, қазақстандықтар мен ағылшын ғалымдарының кездесулерін, Ұлыбритания кітапханаларындағы Қазақстан жеріне, тарихына, мәдениетіне қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысқан.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу