Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Ел қамын жеген Ер Едіге

БЛОГТАР

08 ақпан 2019
292
0

Ел қамын жеген Ер Едіге

 

 

Биылғы жылы ұлт қаһарманы  Едіге батырдың туғанына 600 жыл!

 

Осыған орай Ұлттық академиялық кітапханада «ЕЛДІҢ ҚАМЫН ЖЕГЕН ЕР ЕДІГЕГЕ 600 жыл» атты сирек кітаптар көрмесі мен филология ғылымдарының кандидаты, ЕҰУ-нің профессоры, ғалым Болат Қорғанбеков Сағынбекұлы «Ер Едіге» атты дәріс сабағы болып өтті. Б.Қорғанбеков Едіге батырды зерттеген ғалымдардың бірі.

 

Едіге батыр жыры – эпикалық дәстүрдің қалыптасуына, берік сақталуына себін тигізетін бірден-бір шығармалардың бірі. Патриотизмге тәрбиелеудің айрықша екендігін көрсетеді. Эпикалық жырдың ерекшілігі – нақтылық болмайды, жабық басым. Яғни, тарихи рөлді атқара бермейді.  Едіге туралы шығарма хатқа 1820 жылы түсіріліген. 2020 жылы шығарманың хатқа түскеніне 200 жыл толады. Бұны да мерейтой ретінде атап өтуге болады. Жырда ақпаратттық, тәрбиелік, танымдық құндылықтарды байқай аламыз.

 

Аталмыш көрмеге ер Едіге туралы жазылған шығармалар қойылды. Атап айтатын болсақ, 1905 жылы көне славян тіліндегі Санкт-Петербург баспасынан шыққан Шоқан Уалиханов қолжазбасы,  араб тіліндегі «Қазақ эпосы» (Ташкент, 1922), латын қарпіндегі С.Мұқановтың «Батырлар» (Алматы, 1939),  В.М. Жирмунскийдің «Тюркский героический эпос» (Ленинград, 1947) В.В.Радловтың  «Алтын сандық» (Алматы, 1993) шығармалары және т.б. ұсынылды.  

 

Едіге батырдың өмірі мен ерліктері туралы жырлар мен аңыздар қазақ қана емес, татар, ноғай, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт, қырым татарлары, құмық, түрікмен т.б. халықтар арасында көптеп кездеседі. Батыр жайлы тарихи аңыз-әңгіме тек қазақ қана емес, Сібірді, Орта Азияны, Еділ бойын, Солтүстік Кавказды, Қырым кеңістігін жайлаған исі түркі халықтарының көбіне мәлім болған. Жырдың Түркия, Румыния өңіріне тараған нұсқалары да бар.

 

Ер Едіге – Әмір Темір заманында өмір сүрген көреген мемлекет қайраткері, батыр, әділ билігімен есімі аңызға айналған Алтын Орда хандарының ақылшысы, халық қамқоры.

 

Іс-шараға ЖОО-ның студенттері мен магистранттары және  оқырмандары қатысады.

 

Айта кетейік, аталмыш жиын елбасы Нұрсұлатан Әбішұлының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Ұлы даланың есімдерін ұлықтау» бойынша арнайы ұйымдастырылды.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha