БЛОГТАР
БАРЛЫҒЫ
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
СЫН
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
ӨЗ ОЙЫМ
ШЕЖІРЕ
БІЛІМ
ТАРИХ
АУДИО
ВИДЕО
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ӨНЕР
ЛАЙФХАК
ШОУ-БИЗНЕС
МЕНІҢ АСТАНАМ
ҚИССА
АУДАРМА
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯХАТ
РЕЦЕНЗИЯ
СҰХБАТ
23 ақпан 2019
437
0
«Елжірейді жүрек»
«Елжірейді жүрек» ( «My heart will go on)
Аударған: Келжанова Назкен
Әрбір түні сені түсімде көремін.
Сезесің ғой сен де мені.
Алыс жақтан келіп, қиындыққа төзіп
Дәлелдедің пәк сезімді
Алыс па, әлде жақын, қай жерде жүрсең де
Болдым ғой өзіңе шын ғашық
Мекендеуге сен де жүрегімнің төрін
келерсің кіріп, бірде есігімді ашып.
Елжірейді жүрек сені жақсы көріп,
қуаныштан көңілім тасып.
Екеуміз көшеде бақыт гүлін теріп,
келеміз бірге қол ұстасып.
Қасымда өзің, батырмын мен енді
Елжірейді жүрегім саған.
Екеуміз мәңгі бірге боламыз
Жүрегіміз осы жолды таңдап.
.
Алыс па, әлде жақын, қай жерде жүрсең де
Болдым ғой өзіңе шын ғашық.
Мекендеуге сен де жүрегімнің төріне
келерсің кіріп, бірде есігімді ашып.
Пікір қалдыру: