Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
САЛЫСТЫРМА МЕНІ ЕШКІММЕН, ӨТІНЕМ... (өлең)

БЛОГТАР

26 мамыр 2019
634
0

САЛЫСТЫРМА МЕНІ ЕШКІММЕН, ӨТІНЕМ... (өлең)

             

 

Салыстырма мені ешкіммен, өтінем...

Бар сыныңнан сүрінбей-ақ өтіп ем.

Ыстығында шөлді кестім шілденің,

Қарашада өттім желдің өтінен.

 

Салыстырма мені жаным, ешкіммен...

Сен кездесіп жанған едім - өштім мен.

Кінә менде, сүйген екем ес кетіп,

Кінәсі жоқ махаббаты кештім мен.

 

Салыстырма мені ешкіммен, дауысымды...

Ұмыт мәңгі, төзімім де таусылды.

Шықсын естен ақ түндерің жібектей,

Елестетпе көз алдыңа маусымды.

 

Салыстырма мені жаным, онымен...

Жүгіргенде біздің таудың жонымен.

Арманыңа қашандағы жеткейсің,

Жолың болсын, бақытты бол. Сонымен...

 

1983


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha