Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Дала данышпаны» атты еске алу кеш өтті

БЛОГТАР

16 сәуір 2019
3455
0

«Дала данышпаны» атты еске алу кеш өтті

 

Бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Дала данышпаны» атты еске алу кеші болып өтті.

 

Кеш барысында қонақтарға қазақтан шыққан тұңғыш геолог ғалымның қызметтік жолдары жайында естеліктер айтылып, арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Сайлау Батырашұлы, экономика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері:

 

Ағамыздың мерейтойына бүгін жиналып отырмыз. Ол кісіге қатысты мен бір нәрсені айтайын. Қаныш Сәтбаевтың қызы Мәскеу қаласындағы Мәскеу мемлекеттік халықаралық академиясына оқуға түседі. Бұл университеттің білімі деген өте мықты болатын. Талап жоғары болғаннан кейін жыл сайын үш адамға ғана орын береді екен. Академияның оқуын бітіре алмай, талай шығып кеткендер болды. Ал, мен өзім куә болдым. Қарындасымыз сабағын жақсы оқыды, – дей келе Қаныш ағамыз жайлы естеліктерін былайша жалғастарды, - Бүкіл Кеңес Одағы кезінде еңбегі сіңген ғалым болды. Қазақстанның металлогения мектебін негізін қалаған тұңғыш ғалым. Қазақтан шыққан тұңғыш академик!

 

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.

 

Іс-шараға Мырзагелді Кемел, Сайлау Батырашұлы, Жамбыл Артықбаев, Тұрсын Жұртбай, Баяқытжан Тобаяқов және т.б. қатысты.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha