Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Соткаға кірген Соткабай

БЛОГТАР

11 қыркүйек 2019
233
0

Соткаға кірген Соткабай

                                                                              Сценарий:

 

                                                                 Соткаға кірген Соткабай

 

                                              Тақырыбы:«ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДЫ ОРНЫМЕН ҚОЛДАН!»

 

Мақсаты: Балаларды өз денсулығына зиян келтірместен электронды қондырғыларды сауатты қолдануға үйрету.

 

Сюжеті:

   

Театр сахнасының қызыл пердесі. Екі жаққа айқара ашылды. Жүргізуші қыз ұлттық киіммен шығады. Артқы фонда табиғат және киіз үй.

 

Жүргізуші қыз: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің көйлегімді көрдіңдер ме? Жүз жыл бұрын біздің ата-бабаларымыз дәл осылай киініп жүрген еді және мына артымдағыдай үйлерде тұрды. (Кадр сыртынан жүргізуші ожау мен тостағанды алды.) Әрі көбінесе осындай заттарды қолданған болатын. Тағы да айтатын маңызды нәрсе ол кезде ғаламтор және компьютор, ұялы телефон мүлде жоқ еді. Оның орнына (кадр сыртынан қағаз хатты, бір газетті, жіппен байланған кітаптарды алды )жаңалықты білу үшін, ақпарат алу үшін, хабарлама алмасу үшін осы заттарды ғана пайдаланған. Әрине, бұл қағаз хаттар өте баяу келген еді, әрі оларды ұзақ күту керек болған. Ал кітаптар аса қалың болды және оның ішінен ақпарат табу үшін өте ұзақ отырып іздеу керек болды. Себебі, ғаламтордың пайда болуыа әлі 85 жыл бар еді. Бірақ, электрониканы қолдану XXI ғасырда шынымен ыңғайлы ма екен, қазір тексереміз. Кадрда үлкен сағаттың тілі алға асқан тез қарқынмен айналады.Жүргізуші қыз қазіргі заманның киімімен бүгінгі техникасы көп заманауи пәтердің ішінде тұр.

 

Жүргізуші: - (Қолыңдағы бағанағы заттарды үстелге қойып қойды.) Бұл біздің заман, маған енді қағаз хат керек емес, мінпе мына ұялы телефонмен хабарламаны жібере саламын. Және ол бір секундта жетеді! Ал ақпарат алу үшін ноутбук (ноутбукты көрсетеді)және ғаламтор бар (вай фай модемін көрсетеді). Ал газетті сатып алмайақ оның электронды нұсқасын мынау планшеттан оқи аламын! (планшетті алады) Ал қазір біз екі бала туралы көрініс тамашалайық. (деп теледидарды қосады, теледидарда видео басталады)

 

ВИДЕО:

 

Таңертең. Ояна салсымен Соткабай вайфайды қосуға кетті,  ал Ақылбай беті қолын жууға кетті. Анасы ас үйде Ақылбайға ботқа беріп жатыр.

 

Анасы: - Соткабай қайда? Тағы да соткадан бас алмай отыр ма? (залға барады) Соткабай телефон шұқылап отыр.

 

Соткабай (ұялы телефонына): - Жүз ұпай ұттым, жүз ұпай менікі. Энгрибедстің үшінші кезеңіне өттім!

 

Анасы: - Таңғы асқа келмейсің бе? Тамағың суып қалды ғой. Әне, Ақылбай тамағын тауысатын болды.

 

Соткабай: - Қазір-қазір төртінші кезеңге жетіп алайын. Сосын барамын.

 

Анасы кетіп қалды.

 

Сол бөлмеге жүргізуші қыз келеді. Көрермендерге қарап айтады.

 

Жүргізуші: - Техниканы пайдалану өте ыңғайлы, бірақ білесіңдер ме, балалар электроникалық құралдарды уақыт сағатымен пайдалану керек. Әйтпесе...

 

Дәрігердің кабинеті. Дәрігер, анасы мен баласы отыр.

 

Анасы:- Күнде тамақ ішудің орнына соткасын ойнай берді, ойнай берді, енді асқазаны ауырып қалды.

 

Дәрігер: - Балақай, сен бір күнде ұялы телефонды қанша сағат ұтайсың?

 

Бала: - Білмеймін.

 

Анасы: - Таң атқаннан кеш батқанға дейін ұстайды, тіпті сабақ оқуды қайта-қайта ұмытып кетеді.

 

Мұғалімі кіріп келді.

 

Мұғалімі: - Анасы дұрыс айтып тұр. Былтыр бұл бала беске оқыған еді, биыл екіге түсіп кетті. Оның үстіне сыныпта сабақты тыңдамайды. Соткасын ұстап отыра береді. Тіпті үй тапсырмасын жазуды ұмытып кетеді.

 

Дәрігер: - Аййй, бұл дұрыс емес екен. Анасы, бізге ертерек келуіңіз керек еді. Қазір асқазан ауруына жалқаулық және электроникаға құмарлық деген аурулар қосылыпты.(деп қағазға бір нәрсе жазып жатыр) Анасы жылап жатыр. Мұғалім апай анасының иығынан сипап жатыр.Бала басын төмен түсірді.

 

Бала: - Сонда мен Энгрибедстың жетінші турына ешқашан жетпеймін бе?!

 

Денешынықтыру мұғалімі келеді.

 

Денешынықтыру мұғалімі: - Сәлеметсіз бе! Мария Саматовна, сіз де осындасыз ба? Бұл бала менің де бас ауруым болды. Денешынықтыру сабақтарына келмейді. Келген күннің өзінде жүгіріп бара жатқан кезінде де жүгіру жолағында соткасымен ойнап, жолдың жиегіне отыра қалады. Қасына келсем, ішім ауырып жатыр дейді. Және анықтамасын көрсетті.

 

Дәрігер: - Мен анықтама бергенім рас, ол бала шынымен ойынға тым ұзақ кіріп кетіп, өзінің асқазанын ауыртып алды.

 

Жол сақшысы кіріп келді.

 

Жол сақшысы: - Сәлеметсіздер ме! (честь берді) Бұл бала сотка ойнап орталық жол торабында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп автокөліктің астына түсіп кете жаздады.

 

Осы кезде бала орнынан тұрды.

 

Бала: - Ол кезде мен 5000 алтын ұпай ұтайын деп жатқанмын, ал кешегі мені басып кете жаздаған жүргізуші сол жеңісіме кедергі жасады.

 

Көлік жүргізушісі мен қарт әжей кіріп келді.

 

Көлік жүргізушісі:  - Бұл бала автокөліктерден мүлде қорықпайды екен. Мұның басты үрейі – жаңағы ойыннан ұтылып қалу.

 

Әжей: - Кеше мен дүкенде бұл балаға ауыр сөмкемді лифтке дейін апарысып жіберші деп төрт рет сұрадым. Ол бала соткасын шұқылап, тыңдамай қойды. Ол былай деді: “Апа, кедергі жасамаңыз, мен қазір Жекпөт ұтайын деп жатырмын” деп қолын бір сілтеп қашып кетті. Қандай әдепсіздік!

 

Дүкен сатушысы кіріп келді.

 

Дүкен сатушысы: - Мына жақта жүр екен ғой ол жүгірмек. Кеше бұл бала екі пакет сүт, үш бөлке нан және 14 сағыз алды да дүкеннен ақшасын төлемей ұялы телефонын шұқылап шығып кетті.

 

Анасы басын ұстады. Сатушыға ақша ұстатты.

 

Жол сақшысы: - Балақай, саған ұялы телефонды белгілі бір уақытқа ғана ұстап үйрену керек! Анау құмар ойынды азырақ ойнау керек!

 

Мұғалім: - Тым болмаса, сол зиян ойынның орнына, қазақ тілінің электронды оқулығын жүктеп алу керек.

 

Әжей: - Анаңды аясаңшы, балақай!

 

Дәрігер: - Тым болмаса, өз денсаулығыңды аясаңшы!

 

Ақылбай мен Сыныптастары кірді.

 

Сыныптастары: - Ол соткасын ұстап, бізбен аз сөйлеседі, бізбен ойнамайды!!! Ойнаса, тек Ғаламтор арқылы ғана ойнайды, сөйлессе, тек электронды хабарламалар арқылы ғана сөйлеседі!!!

 

Бала: - Кешіріңдер мені, бірақ мен шынымен жетінші кезеңге дейін жеткім келіп еді. Ойын сондай тартымды! Оның үстіне, Ғаламтор өте қазіргі заманда өте сәнді, өте жаңа нәрсе!

 

Осы кезде бағдарлама жүргізушісі келді.

 

Жүргізуші қыз: - «Балақай, білесің бе, қызықты кітап оқу одан да тартымды. Міне, қарашы! (кітапты көрсетті, қағаз хатты көрсетті) Қарашы, әріптер қандай әдемі жазылған мынау хатта!

 

Балақай: - Қандай әдемі жазу. Иісі қандай?

 

Жүргізуші: - Саған ұнай ма?

 

Балақай: - ИӘ! (күрсінді) Бірақ Мен олай жаза алмаймын. Мен электронды хабарламаны жылдам баса аламын! Смайликтар басу өте оңай! Ал әдемі жазу ойыны бойынша тіпті бірінші кезеңнен өте алмаймын!

 

Жүргізуші қыз: - Әдемі жазу ойын емес, бұл – өнер әрі үлкен білім. Қағазға әдемі әріптерді жазып үйренгің келгені өте жақсы! Әдемі жазу қолды сауаттылыққа, миды ойлануға және көзді әсемдікке үйретеді! Жалпы, міне саған СИҚЫРЛЫ КҮНТІЗБЕ!!! Ол жақта сен сағат нешеде сабақ оқу керексің, сағат нешеде әдемі жазуға үйренесің, сағат нешеде спортпен шұғылдану керексің соның барлығы осында жазылған!!! Мінекей, жас көрермендер, көрдіңдер ме, күн тәртібін сақтау қаншалықты маңызды! Және ешқандай электронды құрал, ешқандай Ғаламтор күн тәртібін сақтауға...

 

Жол сақшысы: - жол ережесін сақтауға...

 

Дәрігер: - өз денсаулығын сақтауға...

 

Анасы: - анасының тілін алуға...

 

Мұғалім: - жақсы оқуға...

 

Әжей: - үлкен адамдарға көмектесуге...

 

Ақылбай және Сыныптастар: достармен аулада ойнап, сөйлесуге...

 

Бағдарлама жүргізуші: және өнер-білім үйренуге

 

БӘРІ: кедергі болмау керек!!!

 

Балақай: - Мен енді түсіндім, күн тәртібін сақтау жеңіс пен жетістіктерге жеткізеді және уақытты үнемдейді!!!   

 

Сахна жабылады.

 

СОҢЫ   

                                                                           

 Идея және сценарий авторы: Риза Ысқақ


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу