Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Әлеуметтік тыныштыққа қарсы болмайық, отандастар!

БЛОГТАР

21 қыркүйек 2019
375
0

Әлеуметтік тыныштыққа қарсы болмайық, отандастар!

Мен  «Нұр Отан» партиясының мүшесі емеспін, дегенмен бір фактіні мойындау керек – қазіргі таңда Бірлікті, Отансүйгіштікті және Экономикалық және Саяси Тұрақтылықты барынша нақты насихаттап отырған жалғыз заңды күш – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, яғни сол партияның жиырма жыл бойы ұстанған саясатының негізінде жатқан отаншыл идеялық принциптері! Бұл пікірмен келіспейтін азаматтық қоғамның кейбір адамдарын мен жамандамаймын әрі сөкпеймін, дегенмен(!) әділеттік пен ақиқатқа келсек, өз жеке пікірімді қазіргі күрделі кезде осы ықшам мақаламен айтпасам тағы болмас. Отаншылдық, тәуелсіздік, мемлекетшілдік, патриотизм және тұрақтылыққа ұмтылу жолын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан отыз жыл бұрын, осыдан әлдеқайда қиын және қауіпті кезеңде елдің қолдауымен бастап, қазіргі таңда сол бағытты биылдан бастап Қазақстанның легитимді түрде сайланған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып келеді. Қазір айфонға кезек тұр, ол қиын кезде (1990-шы жж. басында) нанға кезек тұрған! Қазір пәтерге кезек тұр, ол кезде бір цистерна таза ауыз суына кезек тұрған! Бұны жас буындар білмеуі мүмкін. Иә, мен де жас буын өкілімін, дегенмен өз елімнің тарихын тереңінен және шынайы түрде білуге ешнәрсе кедергі емес.

   Соңғы 28 жыл ішіндегі жетістіктер мен кемшіліктер туралы, жеңістер мен қателіктер туралы, әрине, демократиялық қоғамда белгіді бір деңгейде дауласуға болатын шығар, дегенмен(!) ең басты дәл қазір қолда бар ЖЕТКЕН нәтижелерді жоққа шығаруға тағы болмайды!!! Ол баға жетпес жетістіктер келесі:

мемлекеттік саяси-аймақтық тұтастықтың сақталуы,

қазақ ұлтының бірлігі және бейбітшілігі,

күллі Қазақстан халқының дінаралық және ұлтаралық ынтымағы,

ТҰРАҚТЫ түрде тек эволюциялық жолмен ғана(!) даму үрдісі, дәстүрі,

Орта Азиядағы экономикалық ахуалымыздың салыстырмалы түрде жоғары болуы!

   Әлбетте, сабырлық, еңбекқорлық, отансүйгіштік, толеранттылық және бейбітсүгіштік іспеттес асыл қасиеттер қазақ халқына о бастан тән көне дәстүр және қазақы діл мен жоғары мінез-құлық ұлттық тәрбиесінің көрінісі екендігі түсінікті, дегенмен осы құндылықтарды сақтауға, дамытуға, шыңдауға және қадірлеуге әрқашан дін де, мәдениет те, әрине билік те өз тарапынан көмектесуге құзіретті, құқылы әрі міндетті. Оның үстіне, әлеуметтің тыныштығын, ҰЛТ қауіпсіздігін және Ата-Заң тәртібінің САҚТАУ, мына қазіргі тым күрделі ақпаратттық, өте қарама-қайшы жаһандық және нарықтық технократиялық сипатқа ие Әлемде, бүгінгі қауіп-қатері жоқ емес жиырма бірінші ғасырда, ерекше маңызды қажеттілік боп тұр!      

   Отансүйгіштік дегеніміз ел бірлігін, тыныштығын және тұтастығын бірінші орынға қоятын көзқарас және ішкі терең табиғи этикалық сезім. Алайда, өкінішке қарай, біздің әлеуметтік бүтіндік пен ұлтымыздың бейбіт жағдайына қарсы бағытталған арзан және ұсақ провакацияларға құмар деструктивті күштер ел арасында жоқ емес екендігін соңғы кезде жиі байқап жүрміз. Қуанышқа орай, Қазақстанның бүгінгі тәртіп сақшылары мемлекеттік мүддені және ұлттық қауіпсіздікті қорғау міндеттерін үздіксіз, қырағы және тынымсыз атқарып келе жатыр. Дегенмен, толықтай қауіпсіздік үшін бұл маңызды шаралар аздық етеді, сонымен қатар бізге ақпараттық-мәдени деңгейде де МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ мүддесін сақтай білу керек.

  Қазіргі таңда Әлемдік жағдай тыныш емес, алып державалар текетіресі күннен күнге күшейіп келе жатыр. Бұндай қауіпті және күрделі халықаралық жағдай кезінде, ұлттың ішкі тыныштығын және тұрақтылықты сақтап қалу барынша маңызды. Бұл демагогия емес, бұл өмір шындығы. Әлемде тыныштығы жоқ елдер көп: Ауғанстан, Сирия, Сомали және т.б. тіпті бір күндік бейбітшілікке зәру, ал егемендігінен айырылған елдер одан да көп, олардың жағдайлары одан да мүшкіл. Иә, біз тек жағдайы бізден әлдеқайда нашар мемлекеттерге ғана қарау керек деп ешкім айтқысы келіп тұрған жоқ, дегенмен осы фактілерді де мойындау керек, үнемі есепке алып, бір сәтке де ұмытпау керек! Халқымыздың көп бөлігі Әлемдегі жағдайды жан-жағынан көріп тұр, бүгінгі Қазақстан әлдеқайда қауіпсіз және бейбіт, тұрақты әрі дамушы сипатта екендігін де байқап тұр. Дегенмен, кейбір деструктивті күштердің айтағымен кейбір адамдар білместіктен бе, әлде қасақана ма, әйтеуір, «біздің алдымызды орап анау-мынау көрсеткіш бойынша тағы елу ел бізден «мәңгілікке озып дамып» кеткен екен!», «сол елдерді бір секундта қуып жетейік!», «ойбай, үлкен «көршілердің» дамып кеткені соншалықты, бізді аяғымен қалай байқамай басып кетерін байқамай қалады» деген үрейлі ертегілерді, даңғаза бос айқайларды, дәлелсіз қауесеттерді және байбаламды әлі де таратып жүр. Бұл провакация! Егер шынымен (Құдай сақтасын!) қандай да бір экономикалық немесе әскери қауіп төнсе, біздің Ресми Мемлекет пен Барша Халқымыз бірден елді қорғауға барлық мүмкін шара жасап, барлық күшін жұмсар еді!!! Иә, қазір заман тыныш, Құдайға шүкір. Енді осы қолда бар бейбіт әрі тыныш, тұрақты әрі қолайлы заманды «азайтпай» және «алыстатпай» бос паника мен орынсыз балағаттау үрдісіне ЕРМЕУ КЕРЕКПІЗ!!! Аман болсақ, тыныштық болса, кейбір «тым белсенді сыншылар» соншама шыдамсыз және агрессивті түрде «армандап-аңсаған» Норвегияның, Швецияның, Бельгия және Швейцарияның даму деңгейіне әлі жетерміз, сол экономикалық даму сатысындағы өмірді әлі көрерміз – тек нәтижелі еңбекке жұмсалуы тиіс алтын уақыт пен күшті орынсыз әрі қауіпті заңсыз әрекеттер мен сөздерге жұмсамасақ болғаны!

Мен және Қазақстан халқының көп бөлігі үшін еркіндік анархияға айналмауы керек, сөз еркіндігі провакацияға айналмауы керек, адам құқықтары хаосқа айналмауы керек және оппозициялық ой дестабилизацияға айналмауы керек!!! Шындықты айтсақ, өкінішке қарай, дәл қазіргі таңда тәртіп сақшыларын, ЗАҢ және МЕМЛЕКЕТ ұғымдарын, биылғы сайлауда өз көзқарасын білдірген 70% ХАЛЫҚТЫҢ таңдауын еш құрмет тұтпайтын кейбір «анархист» жеке-жеке радикалды адамдар аз болса да, баршылық. Олардан сақ болайық! Олар «ұсақ саясатпен» өз жеке коммерциялық мақсаттарында айналысып жүрген салқынқанды провокаторлардың тапсырысымен, шынайы Халықаралық Жағдай мен ішкі саяси ситуацияны онша терең білмейтін жандарды пайдаланып жүр. Оларға ермесеңіздер екен!

Иә, мен өзімнің МЕМЛЕКЕТІМНІҢ жағындамын, ЗАҢ мен ТӘРТІПТІҢ жағындамын, мұны жасқанбай – керісінше мақтанышпен айтсам да болар – жан-жақты тұрақтылық пен тек эволюциялық жолмен ғана даму принципін ұстанатын Елбасы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев пен заңды сайланған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің, Қазақстандық Үкіметтің, Республика Парламентінің ең негізгі күші – «Нұр Отан» партиясының яғни Халқымның басым көпшілігінің жағындамын!!! Тұрақтылық пен заңның, тәртіп пен тыныштық жағында болайық!

                                                                                                                                    Риза ЫСҚАҚ


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha