Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
ӘДЕБИ-САЗДЫ БАЛ КЕШІ ӨТТІ

БЛОГТАР

26 қыркүйек 2019
2784
0

ӘДЕБИ-САЗДЫ БАЛ КЕШІ ӨТТІ

Кеше ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Әдеби-сазды Бал кешін ұйымдастырды.  

Аталмыш ісшара «2019 жыл – Жастар жылын» қолдау аясында өткізілді.

Әдеби-сазды балды өткізудің басты мақсаты – отандық әдебиетті жаңа қырда жаңдандыру, қоғамды мәдениет пен өнерге баулу, сонымен қатар, өнер және  әдебиет саласын бір арнаға тоғыстырып, есте қаларлық  кеш өткізу. Сонымен қатар жастардың мәдениеті мен Қазақстанның шығармашылық интеллигенциясының өкілдерімен байланысын, мәдени және адами құндылықтарды насихаттайтын алаң құру.

Кеш барысында еліміздің танымал ақын-жазушыларымен және Нұр-Сұлтан қаласының жарқын жұлдыздарымен кездесу өтті. Сондай-ақ,  өмірдің сахнасын суреттейтін көркем де, әсем табиғаттың жаратылысы іспеттес әдебиет майданындағы кейіпкерлер сахнаға шықты.

Идеяның бастамашысы және іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы болып табылады.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар, оқырмандар және т.б. қатысты.

 

 


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha