Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Ұмыта сал!..

БЛОГТАР

03 маусым 2020
285
0

Ұмыта сал!..

Ұмыта сал,
жүрегіңнін төрінен,
Кезігіп те үлгермеген көктемді.
Ұмыта сал,
бір жүрмеген өзіңмен,
Армандаған, қиялдағы көк белді.
Екеумізге тән естелік барлығын,
Бәрін ұмыт,
көңілдегі өкпеңді.
Менде жаптым сезімімнің сандығын
Маған арнап түрлі жырлар төкпе енді.
Мүмкін сенде қалды өкініш , қалды мұң
Саған да әлі бір қуаныш жетеді.
Сендік жүрек іздер нағыз асылын
Ұмыта сал,
біздің жұмбақ мекенді.

Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha