Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
«Abai world challenge» атты Абай өлеңдерін әлем тілдерінде оқудың халықаралық челленджі басталады

БЛОГТАР

09 тамыз 2020
415
0

«Abai world challenge» атты Абай өлеңдерін әлем тілдерінде оқудың халықаралық челленджі басталады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұлы ақын, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылатын іс-шараларды онлайн форматқа көшіру тапсырылды.

 

Ертең 10 тамызында сағ.15.00-де «Abai world challenge» атты Абай өлеңдерін әлем тілдерінде оқудың халықаралық челлендж басталады.

 

Осыған орай ақынның өлеңдері  әлемнің (француз, ағылшын, араб, испан, қытай, жапон, неміс, итальян) бірнеше тілдеріне аударылды.

 

Іс-шараға әлемнің түрлі елдерінен Абай шығармашылығын зерттеуші ғалымдар, аудармашылар, жазушылар мен шығармашылық интеллигенция өкілдері, ҚР Төтенше және өкілетті елшілері және жалпы жұртшылық қатысады деп күтілуде. Челлендж тамыз айының 10 мен 17 аралығында сағ.15.00-де жалғасып отырады және министрліктің YouTube каналы, Facebook және Instagram т.б. әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында көрсетіледі. 

 

Айта кетейік, былтыр 2019 жылы Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы 9 жасар Ләйлім-Шырақ есімді оқушы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу