Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Ұлы Абай күніне және 175 жылдық мерейтойына арналған бірнеше ісшаралар өтеді

БЛОГТАР

09 тамыз 2020
485
0

Ұлы Абай күніне және 175 жылдық мерейтойына арналған бірнеше ісшаралар өтеді

2019 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мазмұнды деңгейде мерекелеудің Қаулысы шығып, 2020 жылдың  10-тамызы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Абай күні деп бекітілген болатын.

 

Осыған орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен аталған мерекелерге байланысты бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылады.

 

10 тамыз сағ.12.00-де «Адамзаттың Абайы» атты абайтанушылардың халықаралық онлайн конференциясы өтеді.

 

Конференцияда Ұлы Абай мұрасының қазақ руханиятындағы құндылығы, ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы мен ұлттық идеологияны қалыптастырудағы рөлі, сонымен қатар абайтану саласындағы заманауи ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері қарастырылады. 

 

Іс-шараға ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы  Шерубай Құрманбайұлы, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана Басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұңалбаева, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ҚР Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы,  түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ибраев, дін ғұламасы, ағартушы ұстаз Халифа Алтайдың ұлы Абдулсамет Алтай, (Франция-Түркия), ғалым, жазушы, тарих ғылымдарының докторы, Мимар Синан атындағы Стамбул университетінің профессоры Абдуакап Қара (Түркия), жазушы, драматург және аудармашы Анатолий Ким (Ресей), филология ғылымдарының кандидаты Раушангүл Мұқышева (Сегед  Университеті, Мажарстан), ақын, прозашы, драматург, аудармашы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Орынбай Жанайдаров,сатирик-жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбек, филология ғылымдарыныңдокторы, профессор Серік Негимов, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жанат Әскербекқызы, ақын, драматург, жыршы, манасшы Баянғали Әлімжанов, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры Алмахан Мұхамет- қалиқызы, ғалым, зерттеуші, философия ғылымдарының кандидаты

 

Асан Омаров, PhD доктор, Абай атындағы ҚазҰПУ Н.Келімбетов атындағы Түркітану орталығының бас ғылыми қызметкері Мәрлен Әділов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сарапшысы Смағұлов Бекзат, сондай-ақ, абайтанушылар, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері, республикалық және облыстық кітапханалардың басшылары мен кітапханашылары қатысады.

 

Мәдени, ғылыми және білім беру байланыстарын нығайту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды болып табылатын онлайн-конференция Zoom.us платформасында және тікелей эфирде Ұлттық академиялық кітапхананың фейсбуктегі жеке парақшасында өтеді.

 (https://www.facebook.com/profile.php?id=100046091019596)

 

сағ.15.00-де «Abai world challenge» атты Абай өлеңдерін әлем тілдерінде оқудың халықаралық челленджі басталады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұлы ақын, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылатын іс-шараларды онлайн форматқа көшіру тапсырылды.

 

Осыған орай ақынның өлеңдері  әлемнің (француз, ағылшын, араб, испан, қытай, жапон, неміс, итальян) бірнеше тілдеріне аударылды.

 

Іс-шараға әлемнің түрлі елдерінен Абай шығармашылығын зерттеуші ғалымдар, аудармашылар, жазушылар мен шығармашылық интеллигенция өкілдері, ҚР Төтенше және өкілетті елшілері және жалпы жұртшылық қатысады деп күтілуде. Челлендж тамыз айының 10 мен 17 аралығында сағ.15.00-де жалғасып отырады және министрліктің YouTube каналы, Facebook және Instagram т.б. әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында көрсетіледі. 

 

Айта кетейік, былтыр 2019 жылы Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы 9 жасар Ләйлім-Шырақ есімді оқушы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын.

 

Абай күніне және 175 жылдық мерейтойына арналған ісшаралар барысында «Абай тағылымы» виртуалды көрмесі, «Өнерпаз болсан, арқалан» балалардың қатысуымен әдеби-музыкалық онлайн платформа өтеді.

 

Сондай-ақ, 11 тамыз сағ.15.00-де «Абайдың ақындық дәстүрі» тақырыбында ақын, ҚР Еңбек сіңірген сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан  қаласы филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлымен және 12 тамыз сағ.12.00-де ақын, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының жетекшісі Алмахан Мұхаметқалиқызымен «М.Әуэзовтың «Абай жолы» романындағы ерлердін образдары» тақырыбында онлайн кездесулер ұйымдастырылады.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу