Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Кісен ашқан

БЛОГТАР

28 қазан 2020
335
0

Кісен ашқан

I

 

Ақындықтың жүгі ауыр, қара батпан,
Бір парақтың ішінде бара жатқан...

 

Кезіктің маған беймезгіл,
Жүрегім, қалай жүремін?!.
Тосыннан ауып келген жыр,
Табар ма екен түн – емін?!

 

Жоғалтпай...
Іздеп жоғыңды,
Жоғымды таптым демедім.
Мазалай берер жаныңды,
Білмейсің тағы, себебін.

 

Көп жылап... сосын, көп күлші,
Маңдайдан оны көремін.
Жаңбырдай жауып – өткінші,
Қаптайды бұлттай неге мұң?! 

 

Жұмақ па?.. тағы, бақыр бақ,
Төрт өрім қамшы өремін.
Парақта тұрған қопырап,
О, менің туған өлеңім!

 

II

 

Мен сені таба алмай жүр дейді,
Табылмас... жұмбақ қой.
Тек олар білмейді,
Ойлары, біржақты ой.

 

Мен сені іздеп жүр деседі,
Өкпесі қазандай.
Біреудің айтқан ол өсегі,
Тек жүрмін... жаза алмай.

 

Мен сені күтіп жүр демей көр,
Ол рас, күткенім?!.
Әруағы өлеңнің жебей бер,
Үмітті едім?!.

 

Жүргені табылмай,
Бір сәтке... келгені жетеді.
Содан соң...
Үзілген жаныңдай,
Шығып кетеді!..

 

 

Салтанатбегім
(С. Айбергеноваға)

 

Бір жақын таппай маңайдан...
Болса да, болмас – Бегімдей!
Ұқсастық тапқан ақ Айдан,
Кеңдігі байтақ көгіңдей.

 

Жарқырап түнгі жұлдыздар,
Аққуы қонған көліндей.
Алматы жақта бір қыз бар,
Оқалы бешпент зеріңдей.

 

Алматы жақта бір қыз бар,
Сұлулық тұрған төгілмей!..
Көркемдік болған ынтызар,
Болмайды-ау... ешкім, Бегімдей!

 

Іздесең өткен жолдарды...
Ақаусыз, аппақ көңілдей.
Қарындас болып ол қалды...
Іштегі қымбат шеріңдей!


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha