Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Келші, беттен сүйейін

БЛОГТАР

19 желтоқсан 2020
1933
0

Келші, беттен сүйейін

Егемендік 

 

Көп  жыл  күткен...
Көктемнің  келгені  анық,
Шаттығым  тұр  жаңбырдай  селдеп  ағып.
Ашсам  болды  аузымды  жыр  ағады,
Жүрегіме  алғандай  перне  тағып.

 

Жаңа  Айдың  сәулесі  көлде  жанып,
Жусан  иісі  сіңеді  желге  барып.
Қаулап  өскен  мен  дедім,
Бәйтерекпін,
Әуелі  шөлдеп  алып.

 

Жинап  алған,
Жылуын  нұр  ағыстан,
Желбіреген  туымда  қыран  ұшқан!
Болмайды  екен  жастың да  кермек  дәмі,
Көзден  ақса,  қуаныштан.

 

Ана тұстан  дүмпулер...
Мына тұстан,
Хабар  келді,
Шыққанда  жаңа  қыстан.
Әнін  айттым  Шәмшінің жүректі  ұстап,
Осы – деді  періштем,
Қазақстан!

 

Келші, беттен сүйейін

 

I
Не деген өмір?!
Желкен еді...
Жел қайықтай мен келем.
Толқында тербеледі,
Теңселем!

 

Не деген өмір?!
Көркем еді...
Жаныммен сезем.
Жансам – өртенеді,
Жақпасаң – сөнем!

 

Не деген өмір?!
Еркем еді...
Ұнатам деген!
Сүйсем – өлтіреді,
Сүймесем – өлем.

 

Не деген өмір?!
Шер төгеді...
Бір күрсіну, бір күлу.

Сүйсе ғой мені өзіндей,

Ең керегі...

Жоққа – ұмтылу,
Барыңа – сенем!

 

II
Не деген өмір?!
Тосындай...
Барасың өтіп шапқылап.
Күлуге қорқып қаттырақ,
Жүру де бақыт – бақ сұрап.
Не деген өмір?!
Жасындай...
Жалт ойнап өткен қасыңнан.
Жанар таулардай атылған,
Сөнген таулардай басылған.
Не деген өмір?!
Осындай...
Қашықтық ұзақ ғасырдай,
Уақыт...

Қас пен көздің арасындай.
Дәмі – балдай,
Құмарың өтер басылмай.

 

III

Жарықтай жылжып барады күндер,
Шыққа оранған жанары – гүлдей...
Кездейсоқ емес – 

Кездесу менен қоштасу,
Уақыттың өзі қалады білмей!


Ашығын айтып, бүркенбей ойы,
Қуанса көңіл – бір көрген тойы.
Дәл мендей сені жоқ шығар білген,
Білсең ғой соны.

 

Қабағын түйіп, бұлт сіңбегені,
Аспанның онда күрсінбегені.
Күннің батқан кезегіндей,
Таңның атқан кезеңіндей,
Сүйсең ғой мені!


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha