Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
«Алтайдың айтағалы жыршысы» атты әдеби кездесу өтті

БЛОГТАР

08 ақпан 2021
243
0

«Алтайдың айтағалы жыршысы» атты әдеби кездесу өтті

Жақында елордада жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқаров Асылбайұлының 70 жылдығына арналған  «Алтайдың айтағалы жыршысы» әдеби-кездесу және «Көңіл төріндегі тұлғалар» кітабы мен  «Алтайда алтын күз еді» атты аудиокітабының тұсаукесері болып өтті.   

 

Автордың «Көңіл төріндегі тұлғалар» жинағында ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткен жазушы, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері Әлібек Асқаровпен қатар қызмет жасаған ардагер ағалары, зиялы әріптестері мен қаламдас замандастары жайында әр жылдары жазылған мақалалары, ой-толғамдары мен естеліктері топтастырылған. «Фолиант» баспасы бұл кітапты жазушының 70 жас мерейтойына арнап шығарды.

 

Ал «Алтайда алтын күз еді» атты екінші кітабы көрнекті жазушының бүгінгі күн тақырыбына арналған жаңа шығармасы. Алтайдың бұл туындысы бұған дейінгі дүниелерінен бөлекше. Өзіндік нәзік өрнекпен, жаңаша көркемдік тәсілмен бүгінгі жастардың түсінік-пайымына лайықталып, соңы леппен жазылған прозалық поэмасы. Повесте асқақ сенім, мөлдір махаббат арқылы қайсыбір заманда да өзінен бұрын отбасылының береке-бірлігін ойлайтын қазақ әйелінің образы айшықталады.

 

Іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Мамраев Бейбіт Баймағамбетұлы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа  Салахитдинұлы  Ізмұхамбетов, Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп Байтілесұлы, Абай  Бөлекбайұлы Тасболатов, ҚР Энергетика министрі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы, Білім және ғылым вице-министрі Берсімбаев Рахметқажы Ескендірұлы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Батташұлы Сыдықов, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры Мұхамедиұлы Арыстанбек, «Фолиант» баспасының директоры Исабеков Нұрлан және т.б зиялы қауым өкілдері қатысты.

 

Әлібек Асылбайұлы Асқаров - 1951 жылы 24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданында дүниеге келген. Алматы көркем сурет училищесінің кітап безендіру бөлімшесін, ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған. Оның туындылары бояу қанықтығымен, табиғатты кейіптеудегі нәзік нақыштарымен ерекшеленеді.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha