Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Райханның рухы

БЛОГТАР

27 мамыр 2021
293
0

Райханның рухы

Демек Анамның қызды көре алмау себебі, оның көрінбейтін бейнеде болуы екен ғой. Сонда да елестерді көре алатын қасиетіме риза болдым, тек «елес» пен адамды айыра алмайды екенмін.

 

Менің алаңдаған кейпімді көрген анам:

 

- Не болды, балам?

 

- Қонақ қыз деп жүргенім «Райхан қыздың рухы» екен.

 

- Балам-ай, «аруақтарды» көруің қайта басталды ма? Үнемі «Биссимиллаһ» деп айтып жүр, жаныңа жын-пері үйір болмайды дегенім қайда, - деп анам маған кейіп жатты.

 

«Шынында Анам дер кезінде келген екен, әйтпесе «тылсым қыздың» жетегінде кетіп қалар ма едім» деген ауыр оймен ұйықтап кетіппін.

 

Шырт ұйқыда жатқан мені тағы да Еркін деген әйел дауысы оятып жіберді. Қарасам алдымда «Райхан» тұр.

 

- Мені мазалап неге келе бересіз? - дедім кейіп.

 

- Сенімен тілдескім келеді.

 

- «Аруақ» пен адамның арасында қандай әңгіме болуы мүмкін, өз әлеміңе бар да, маған тыныштық бер.

 

- Тыңдашы Еркін. Мен осы уақытты көп тостым, шерімді тарқатуым керек. Біліп қой мен осы ауылдың тумасымын. Ақырғы рет Ресейде оқитын балама барғанда қатты ауырып ауруханаға түстім. Диагнозым обыр екен. Ота сәтсіз болып... енді жер бетінде менің рухым ғана жүр.

 

Ұлым менің сүйегімді Ресейде жерледі. О, дүниеге өткен кезде жадымнан айрылыппын. Бірде зиратыма таныс тілде сөйлеген кісілер келіп гүл шоқтарын қойғанда, өзімнің Қазақ елінен келгенімді білдім. Сол кезде есіме өткен өмірлерім біртіндеп еске түсіп, солармен ілесіп ауылға келдім. Біздің қара шаңырақта сендер тұрып жатыр екенсіңдер. Мен осы үйде тұрақтадым. Сен ол кезде жас бала болатынсың, бірақ сенің мен жүрген әлемді көретін қасиетіңді байқадым. Есіңде болса сенімен түнде келіп ойнайтын Райхан қыз мен болатынмын, - дегенде, есіме түн ішінде бірге ойнайтын қыз бала есіме түсіп, жүрегім шым ете түсті:

 

- Сіз сонда менімен ойнаған «Райхан» болдыңыз ғой? Ендеше сіз «Елес» емес, Райхан әпкемнің «рухы» болғаныңыз ғой? – деп даусым қарлыға шықты.

 

- Иә, бұл әлемде біз әр түрлі бейнеге түсе береміз, сен сәби болғанда, мен де сәби болдым, енді сен қазір бозбала жігітсің мен бойжеткен қыз болып келіп тұрмын. Сен менің немере інім боласың. Мәңгілік мекеніме кетпей жүргенімнің себебі көкірегімде жатқан сыр бар. Енді соны орындау үшін сенің көмегің қажет! - деді.

 

Мен ойланып қалып: «Мен Хасен Темір деген азамат туралы естігенмін. Ақсақалдар оны «Доктор Хасен» деп атайды» деген едім. «Иә, мен сол кісінің қызымын» дей беріп еді «аруақ», дәл осы кезде анамның менің бөлмеме кіріп келе жатқанын көріп, Райхан бұлдырап барып жоқ болды. Мен ұйықтаған болып жата қалдым. Анам жаныма келіп, қысқа дұғаларды оқып мені үшкірді де, шығып кетті, мен ұйықтап кеттім.

 

Бірақ, сол күннен бастап Райхан түн жамылып келетін болды. Бірақ ол мені қанша оятса да, күні бойы жұмыстан қалжырағаннан ба, тұруға ұйқымды қия алмадым. Бірақ «Райхан әпкемнің» мені оятатын әдетіне үйреніп алдым, кейде келмей қалса «неге келмеді екен?» деп алаңдап оны іштей елегізіп іздейтін де болдым.

 

Дегенмен «Райхан» туралы деректерді білуге құмартып ауыл ақсақалдарынан сұрастырдым, олар ондай қыздың болғанын, оның әкесі беделді дәрігер, білікті ұстаз болғанын білдім. Жұбайының «халық жауы» болып атылып кеткенін білдім. Бірақ мен үшін бұл деректер жеткіліксіз еді. Дегенмен мен тұрған үй 1895 жылы салынған ескі үй еді, бірде шатырдың ішін тәртіпке келтіріп жүріп, бұрынғы қожайындардан қалған ескі фотоальбомды тауып алдым. Альбомдағы көмескі тартқан ескі суреттер қызығушылық тудырмаған соң альбомды жаба берейін деп, көзім фотодағы қазақша киінген, қос бұрымы тізесіне түскен, қара торы, ботакөз қызға түсті.

 

Фотоның төменгі жағына «1912 жыл, 15 маусым, Райхан, Петроваловск қаласы» деп орыстың ескі калиграфиялық тәсілімен жазылған жазуын оқып аңтарылып қалдым. Өйткені маған елес болып келген қыз бен мына суреттегі қыз қатты ұқсас еді. Сонда маған келген «елес Райхан» мына суреттегі Райхан емес пе екен деп ойланып тұрып қалдым.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу