Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАЛАР ҮШІН «ЕР ТӨСТІК» ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ

БЛОГТАР

05 тамыз 2021
312
0

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАЛАР ҮШІН «ЕР ТӨСТІК» ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ

«2021 - Балалар әдебиеті жылы» аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Мәдениет және спорт минстрлігі және Қазақстан Жазушылар Одағының қолдауымен «Qalamger.kz» әдеби-танымдық порталында балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалар үшін  «ЕР ТӨСТІК» әдеби байқауын жариялайды.

Байқау 2021 жылдың 2 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында өтеді.

 

Байқаудың мақсаты:

Балалар мен жасөспірімдерге арнап жазатын талантты қаламгерлерді анықтау, лайықты марапаттау, қазақ балалар әдебиетін қолдау және дамыту.

Байқауға материалдар келесі жанр бойынша қабылданады:

  1.  Проза жанры бойынша: хикаят, әңгімелер, балалар детективі, фэнтези; (40 беттен аспауы қажет)
  2. Балаларға арналған өлеңдер: тақпақтар, баллада, поэма, толғау; (3-5, 5-9, 9-11 жасқа арналған) бойынша (5-15 беттен аспауы керек)
  3. Балаларға арналған шығармалар иллюстрациясы:
  4. Балаларға арналған ертегілер бойынша (20 беттен аспау керек)

 

Жүлде қоры:

 

  • Проза жанры бойынша хикаят, әңгімелер, балалар детективі, фэнтези жанрлары бойынша

І орын – 500 000 теңге

ІІ орын – 300 000 теңге

ІІІ орын – 200 000 теңге

 

  • Балаларға арналған өлең, тақпақтар (3-5, 5-9, 9-11 жасқа арналған) бойынша:

І орын – 500 000 теңге

ІІ орын – 300 000 теңге

ІІІ орын – 200 000 теңге

 

  • Балаларға арналған шығармалар бойынша иллюстрация бойынша:

І орын – 500 000 теңге

ІІ орын – 300 000 теңге

ІІІ орын – 200 000 теңге

 

  • Балаларға арналған ертегілер бойынша:

І орын – 500 000 теңге

ІІ орын – 300 000 теңге

ІІІ орын – 200 000 теңге

 

Байқаудың шарттары:

  • Байқауға қатысатын шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс. Поштаға келіп түскен шығармалар «Qalamger.kz» әдеби-танымдық порталының онлайн-байқау бөлімінде жарияланып отырады.
  • Жеңімпаздар  қазылар алқасының дауыс беруімен анықталады. Байқау жеңімпаздарын марапаттау 7 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы, Ұлттық академиялық кітапханасында өтеді. Жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтетін орынға жету шығындарын қатысушы өз мойынына алады.
  • Ұйымдастыру комитеті қатысушылармен пікір алмаспайды және қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.
  • Байқауға кез келген Қазақстан азаматы бір жанр бойынша ғана қатыса алады.
  • Байқауға арналған шығармаларды тек қана оның авторы/қосалқы авторы ғана жолдай алады. Анонимдік шығармалар, шынайы (құжат бойынша) аты-жөні көрсетілмеген, бүркеншік атпен, үшінші жақпен жолданған шығармалар қабылданбайды.

 

Жұмыстарды ұсыну тәртібі:

Жұмыстарды байқауға ұсыну ұйымдастыру комитетінің qalamgerkz@gmail.com электронды адресіне хат жолдау арқылы жүзеге асады. Қатысушы өзінің жұмысымен бірге шығармашылық өмірбаяны әрі жеке фотосын қосып жіберу керек.

 

Жұмыстар төмендегі өлшемдер бойынша бағаланады:

  • Байқауға келген шығармалардың әдеби жанрға сәйкестігі қатаң сақталады, публицистика, деректі мәліметтер араласқан микс шығармалар байқауға қатыстырылмайды.
  • Авторлық стиль;
  • Балалар үшін тәрбиелік мәні;
  • Әдеби шығармаларды қарау барысында олардың әдеби-көркемдік құндылығы, мазмұнның бірізділігі, жазба тілінің айқындылығы мен образды суреттеу тәсілдері есепке алынады.

 Шығармаларды қолдану:

Автор, өз шығармаларын байқауға жолдай отырып, байқау қорытындысы шыққанға дейін шығармасын жарыққа шығаруға тыйым салынады.

Жүлдегер шығармалар «Алтын сақа»  баспасынан жинақ болып шығады.

 

Ұйымдастыру комитетінің байланыс құралдары:

Электронды пошта: qalamgerkz@gmail.com 

Жауапты редактор: 87012854637

 

 

 

 

 

 


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha