Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
ПРОЗА
Сарғайған жапырақтар

БЛОГТАР

23 қараша 2021
294
0

Сарғайған жапырақтар

    Сарғайған жапырақтар

 

Таңмен таласа тұратын әдеті. Ал тұрды не істемек сонда. Мұның жұмысы жоқ болатын. Мектепте істеп жүрген жерінен әкімдікке шақырған. Тәп-тәуір қызмет істеп жүр еді жаңа бастық келе қалды да мұның жүріс-тұрысын аңди бастады. Жасы алпыстан енді асқан әлгі бастыққа бұның бөлім меңгерушісі болып алған әйел қисық ақпарат беріп әбден бетін бұрып қойған. Өзі қызметке бұдан бірнеше жыл кейіндеу келген. Онсыз да қайнап жататын әкімдікке осы әйел келгенде дәл осыдан пәлендей зиян келе қояр деп ойламапты.

Оның көзі біртүрлі айналасы биттеп тұратын. Кірпігінің айналасын   безеу тәрізді ұсақ түйіршіктер басқан көгілдір көзі жыпылықтай береді. Адамға тік қарамайтын ұяң боп жүрген қыз бірер жылда тұрмысқа шықты да денесі толысып әдемілене түсті. Үнемі бір-бірімен басы піспей ұстасып қала беретін әйелдердің әңгімесін бастыққа жеткізуге әлгі әйел шебер болып шықты. Бастыққа кішкене жұмыспен кірсе сағаттап отырып алады. Кейде бастық, әлдебір түсініксіз әңгіменің шеті шыққанда, –бұл сөз қайдан шығып жүр,– деп бұдан да сұрап қалатын.

Сондай сәтте бұның іші сезе қоятын Тәмилә деген осы әйелдің құлқы дұрыс емес екенін. Түк білмегенсіп айналасын аңдып отыратын әлгі әйел бұрынғы бастықпен әбден жақындасып алды. Оның сырын Нәдір біледі. Қандай жақындығы барын кім білсін жұмыстан кейін қалып, екеуі кейде есікті іштен бекітіп қойып, әңгімелесіп сыра ішетін. Мұндай берекесіз, өсек айтатын отырысқа шыдамай сырадан біраз ішіп Сайлау үйіне қайтып кеткен. Кейін Нәдірдің әлгі әйелдің аяғының түзу екенін, күйеуімен қатынасы онша емес екенін, бастықпен өте татулығын айтып отыратын. Тәпті. мән бермепті. Өзінің үстінен де Нәдір мен Тәмиләнің құйтырқылық істеп жүргенін білмепті. Өз жұмысын істеп жүре беруші еді. Бұл соққы Сайлауға қатты тиді.

 

                                                ***

 

Мамандығы тарихшы болғанымен Сайлаудың жұмыстан қолы бос уақытта кітап оқитыны, ешкімге көрсетпей дәптеріне өлең жазатыны бар. Университетте бұнымен  қатар оқыған Асан деген танысы таяуда кітәп шығарған. Оның жазатына қарасөз. Өздері проза деп бастан кешкен оқиғаларын суреттеп кітап қып шығарып жүреді. Оны өздері жиылып талқылап, кәзитке шығарып мақтайды.

–Кітәбім туралы сен де пікір айт,– дегенге оқып отырса, әлгі кітәпта не жазылғанын түсіне алмай әуреге түсті. Мұнда адамдар бір-бірін оңай алдап кете береді, тез көтеріліп, тез құлдырап түседі.

–Мына кітәпті оқымасам бүйтіп әуреге түспейтін едім. Түсіне                          алмай әуре болып жүрмін,–деп шынын айтқан.

–Сөйлемесең сөйлейтін адам жетеді. Сен онда келіп тыңдаушы бол,–деген соң ескі таныстың көңілін қимай баруға жиналды.

 

 

                                              ***

 

Күзгі Алматы біртүрлі үнсіз томсарып жатыр. Таңертеңгі абыр-сабырдан кейін қала өмірі біртүрлі сиябырсып тына қалды. Әшейінде бір дем алайын деп сенбі күні жата қалсаң көлік дабылынан, көшедегі адамдардың шуылынан дем алу мүмкін болмай қалатын. Ерте тқрып сабаққа кеткен балалар түс қайта бірақ келеді. Әйелі азық-түлік дүкенінде сатушы. Ерте кетіп кеш келеді. Тағертең ерте тұрып тамақ істеп кетеді. Сайлау бұған әбден үйреніп алған.

Қызметтен босағалы ерте тұрып бір жаққа жиналған емес. Тіпті жай уақытта да мұны іздеп келіп жататын адамдар көп болмайтын.

–Әйтеуір, өз басыңды алып жүрсең болар,–дейтін еді әкесі. Қызмет деп ол да Шымкент жаққа көшіп кетті де қаладағы бес бөлмелі үйді ұлына қалдырды. Енді міне. Мұны ойласа Сайлау тұншығып, ауа жетпей кеткендей тынысы тарылады.

Көшеде жапырақтар саудырап шашылып жатыр. Қазан айының аяқ кезіне келсе де әлі қатты суық кіре қоймаған. Табиғат күндіз елжіреп, жылы сәулемен алдаусыратын түнге қарай қырау, жаңбыр жауып өзгеріп жатады. Қырықтан енді асқан Сайлаудың шашына ақ түспеген. Есіктен шығарда басына сұр кепкісін киді. Үстінде күздік күртеше. Аулада тұрған көлігін жүргізуге ерініп көшеде ағылып жатқан тролейбустың біріне келіп отырды. Мұнда да әшейінде бірі түсіп, бір-бірімен сығылыса кіріп жататын жолаушылар азайған. Әр жерде бір  отырған азғана адамды троллейбус көше-көшемен бірде ағындай жөнеліп, бірде баяулап қалып, қаланың ортасына қарай әкеле жатыр. Абылай хан даңғылымен біраз жүріп барып тоқтаған кезде Сайлау көліктен түсіп қалып, жол жиегінде айналаға қарап біраз тұрды.

Осы маңай екенін біліп тұр. Танымайтын бөтен адамдар жер асты жолынан шығып, көшенің басқа бетінен бері өтіп, сырты әйнек үйдің төменге түсетін баспалдағына қарай аяңдап барады. Бұл да жер асты жолымен өтіп әлгі әйнек қабырғалы үйге беттеді. Көп қабатты үйдің кафе не магазинге арнап ашылған подвалы болса керек. Алдындағы кетіп бара жатқан қартаңдау кісіге ілесіп баспалдақпен төмен түскенде мұның іші кәдімгідей жап-жарық, таза да жылы екенін көріп қуанып қалды. Адамдар киім ілетін жерге сырт киімдерін өткізіп, әр жерде топтасып, бірі газет оқып, көбейіп, араласып кетіпті.

Галстук тағып, көгілдір кәстөм киген жас жігіт топтың ішінен әркімге бір барып, қолына қағаз ұстап, ұйымдастырып, сөйлесіп жүр. Ешкімді танымаған соң шеткері тұрған Сайлауға келіп,–Сіз әкімшіліктен келдіңіз ғой. Аты-жөніңіз кім?–деп сұрады.

–Жоқ әкімшіліктен емес. Өзім келдім,–деді Сайлау.

–Түрксіб ауданынан ғой. Сізді әкімдіктен деп жазып қояйын. Сонда залда отырмайсыз,  мына жақта стол басында микрофонға жақын боласыз. Сөз сөйлеуіңізге де болады.

Әлгі жігіт болмай Сайлаудың аты-жөнін жазып алып, столыдың ортан беліне ұлкен әріппен жазғызып, алдына қойып қойды. Осы жерде отырасыз,–деді.

–Рахмет,–деді Сайлау. Оның мына стол басынан отырғысы кеп тұрған жоқ. О, құдірет! Осы орынға да таласатын адамдар бар екен-ау.

–Мен көптің арасында отырмаймын,–деп тулап жатыр шашын төбесіне қоқырайтып үйіп алған егде әйел. Кітаптың тұсаукесері туралы бірнеше газетке құлақтандыру берілген. Келген адамдар көбейе түсті. Бір кезде кітап шығарушыны ертіп жазушы досы Асан да келді. Келе сала үйіліп-бүгіліп, анадай жерде бөлекше отырған үлкен адамдарға жағалай сәлем беріп шықты. Олар аңтарыла қарап бастамайсыңдар ма?–сұрап қояды.

Сағат онның мезетінде жиын қызу басталды. Уілдеп отырған жұрт тына қалып жүргізуші жігіт әркімге сөз бере бастады. Бәрі бұрынғыша, тізім бойынша. Сайлау басшылардың жиынына талай қатысқан. Онда да, мұнда да жиын болса әкімдіктің адамдарын жіберуші еді. Бірақ өзі сқранып сөз сөйлеп көрген емес. Бұл шаруаның адамы. Бірер ай қолы бос болғанға үйреніп қалыпты бос жүріске. Мына отырыста ол кәдімгідей бұрынғы қызметінде жүргендей жиынның аяғына дейін отырды. Бір қызығы жазушы халқын бірін-бірі тосып отырмай орта жолдан килігіп кете береді.

Бір кезде шыдап отыра алмай бұл да сөзге киліге кетті.

–Сен кімсің?–деді мүйіз көзілдірік таққан шекелі шал.

–Сайлаумын,–деді бұл.

–Кім болсаң да тыныш отыр,–деді шал бет-аузы әлем тапырық болып.

–Неге тыныш отырам. Пікір айтуға келдім ғой. Өзі сұраған соң.

–Мынаған сөз бер,–деді көзілдірік.

–Ол кісі әкімдіктің адамы ғой. Ұмытып кетіппіз кешіріңіз. Ендігі сөз Түріксіб ауданы оқырмандарының атынан құттықтап келіп отырған Сайлау мырзаға беріледі,–деп шегеледі жүргізуші.

–Қап,– деп ойлады Сайлау. –Енді не істесем екен. Бұрын сөлмірейіп тұратын орнынан бұ жолы нық көтеріліп, өзін таныстарып алып, отырған бойы сөйлеп кетті.

–Біз осы кімді тыңдамадық,–деп бастады сөзін Сайлау.–Әкімді де, ғалымды да, саясатшыны да, жазушыны да тыңдап отырмыз. Бүгінгі сөз кітап жайында бола ма десек орағытып, кітәп туралы айтпай әр жаққа кетіп қалып жатырсыздар. Бұлай болмайды. Тақырыпқа қайтыңыздар. Қыл қысқасы бұл кітәп, қандай кітәп өзі. Мен оқып ем онша түсіне алмадым...

Бұдан ары айтатынын айтқызбай жұрт жамырай шулап қоя берді. Жүргізушінің көзі шарасынан шығып шулаған, әр тұстан дауыс берген адамдарды тыныштандыра бастады.

–Сайлау мырза! Тақырыпқа көшіңіз,–деп қояды.

–Көшіп тұрмын мен. Вот, сендер көше алмай тұрсыңдар. Давай тақырыпқа көшіңдер,–деп Сайлау қып-қызыл болған күйі орнына отыра кетті.

Залда отырғандар ду күлді. Біреулер орындығына қисая жантайып әлі күлуде. Екі иіні селкілдеп, көзінің жасын сүртіп жатқандар да бар.

–Ой, маладес елді бір күлдіріп тастадың, рахмет бауырым,– деп галстук таққан орта жастағы адам риза боп жатыр.

Бұдан кейін Сайлау сөйлемеді. Түк түсінбесе де тыңдап отыра берді. Кітәпты оқушылар әрі мақтады, бері мақтады. Өз ойыма бңр тиянақ табам ба деп, Сайлау кітәптің не құндылығы барын білуге тырысты. Таратып жүрген қыз баладан кітаптың тағы бір данасын сұрап алып тағы да аударыстыра берді. Өстіп әркімді бір тыңдап басы қатып отыр,анда жиын да аяқталды. Жиналғандар сырт киімдерін киіп  үлкен шаруа бітіргендей жақын маңдағы кафеге келіп, ендгі сөз тимей қалғандарды тыңдау үшін жиынды одан ары жалғастырды. Мұндай жақсы болар ма тамақ үстінде әркімге өз қалауы бойынша ішімдік те құйылып, кафенің іші біраздан кейін араның ұясындай гулеп сала берді. Жиыннан Сайлау кеш бата қайтты. Өзінің бқһұл кңтапты түсінбегеніне налыған жоқ, қайта түсініп талдап жатырмыз дегендердің де ештеңе түсініп жатырпай отырғанын түсінді.

–Аға,–деді мұны жүргізуші жігіт мойнынан құшақтап. –Түсініп қайтесіз оны. Басыңызды қатырып, Сіз скоро әкім боласыз. Сол үшін! Сіздің әкім болуыңыз үшін! Әкім үшін!–деп шулады отырғандар.

Қас қарая Алматының сары жапырақ толы көшесімен жүргізуші  қызып қалған Сайлауды қалғып отырған күйінде көлігімен үйге қарай әкеле жатты.

                                                                                            25.10.2021

 

 

  

 

 


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha