Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
Алматы облысында тұңғыш рет әкелер кеңесі құрылды

БЛОГТАР

23 қараша 2021
207
0

Алматы облысында тұңғыш рет әкелер кеңесі құрылды

data-cke-saved-src=/upload/63362/2021/11/23/af0c4a130dd4030c065be95e3d121df9.jpegТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында тұңғыш рет әкелер кеңесі құрылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіндегі әкелердің мәртебесі және жауапкершілігін жоғарылату, отбасылық құндылықтарды дамыту және нығайту мақсатында «Әке – отбасының тірегі» атты облыстық әкелер форумы өтті. Жиынға отбасында, бала тәрбиесінде өз жауапкершілігін сезінген белсенді әрі түрлі сала қызметтерінде үлгі көрсетіп жүрген, ұрпағына саналы тәрбие беріп, көпке үлгі болып отырған, көпбалалы әкелермен қатар, жас әкелер де қатысты. Форум аясында олар түрлі тренингтерге қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Бүгінде отбасы тәрбиесіндегі, балалардың бойына патриоттық сезімді дарытып, адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы әке рөлін көтеру мәселелеріне қоғам назарын аудару қажет. Осы орайда, форумда белсенді әкелердің басы қосылып, алдыңғы буынның оңды тәрбиесін, ата-аналар қауымдастығының жұмысын жетілдірудегі өзекті сұрақтарды талқылау сынды бірқатар мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, жиналған қауымның ортақ ұсынысына сәйкес, тұңғыш рет облыстық Әкелер кеңесі құрылды. Аталмыш Әкелер кеңесі әкелік институтты насихаттаумен қатар, өңірде кейбір жауапсыз әкелердің алимент төлемеуі, аз қамтылған отбасыларға мекенжайлық көмек көрсету, оның ішінде әлеуметтік тұрғыда қажыған, отбасын асырауда қиындыққа тап болған әкелер мәселесін шешуге баса назар аудара болады. Сонымен қатар, Әкелер кеңесінің өкілдерін жергілікті атқарушы органдарының жанындағы әртүрлі сараптамалық жұмыс топтарына тартылуы маңызды. Арқалар жүгі салмақты кеңестің төрағасы ретінде Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Төлепбергенов Мэлс Құлмұханұлы сайланды.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/almaty-oblysynda-tungysh-ret-akeler-kenesi-kuryldy_a3856840


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha