БЛОГТАР
БАРЛЫҒЫ
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
СЫН
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
ӨЗ ОЙЫМ
ШЕЖІРЕ
БІЛІМ
ТАРИХ
АУДИО
ВИДЕО
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ӨНЕР
ЛАЙФХАК
ШОУ-БИЗНЕС
МЕНІҢ АСТАНАМ
ҚИССА
АУДАРМА
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯХАТ
РЕЦЕНЗИЯ
СҰХБАТ
19 наурыз 2022
169
0
Ой...
Ой.
Сырқатты емдетпесең асқынады.
Қозғамасаң жүректі тас қылады.
Жасқанып, жасырғанды
іштегі мұң -
Мас қылады, қиялдан сақ сынады.
Асау көңіл неліктен жұлқынады?
Буындырсаң сезімді қылқынады.
Көкіректен атылып кетер ме екен,
Жүрек қайда талпынып ұмтылады?
Дауыл іште ұйытқып бұрқырады,
Қайнап тасып, түбінен ой тұнады.
Самайдағы шақша ми сілімдерден
Жаңадан бір өзгеше жыр туады.
Шексіз ой түпкірлерін ақтарады
Табылмаса жан -жағын қопарады.
Жоғалтқандай көйлектің бір түймесін
Бір сөз үшін бір кітап жыл тұрады.
Кабанбаев Е. басы былтыр аяғы бүгін 11.03.2022
Пікір қалдыру: