Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Азан, Намаз, Құран, Жұма.

БЛОГТАР

19 наурыз 2022
162
0

Азан, Намаз, Құран, Жұма.

Азан.
Сұрасаңдар азан шексіз жер жүзінде.
Шақырылып тұрады бір үзілмей.
Құдыретін Алланың байқасаңдар -
Азан рухы көшіп жүр көзін ілмей.

Себепсіз тоқтамайды азан үні,
Басталмайды жалғанның жұмбақ күні.
Бойды  билеп алатын ғажап әуен,
Бұл әлемнен аластатар жұмақ күйі.

Өне бойың түршігеді, шипа жанға,
Бөлек ойдан боласың тазарғандай.
Біләл Хазірет бастаған аманатты
Айнытпаған  ислам діні таза қандай.

Намаз.
Құлшылықсыз азғырады мына жалған,
Тартқылаған нәпсілер көп сан алуан.
Тәубесіне келтіретін мың пендесін
Намазға да Раббымыз демін салған.

Тазалықтың нышаны алсаң дәрет,
Бісмілләсі түзуге бұл да міндет.
Айран болып ұйыған қан жүгірткен
Жан мен тәнге дәрумен намаз сүндет.

Құлшылықсыз уақыттың құны бар ма?
Ұлылардың сөзі асыл ұғынарға.
Көкірекке ұялайды иман күші
Бес уақытты өткізсең құбылаңда.

Құран.
Ағұзу биляһи мин аш-шайтанир ражим
Бисмилляһир Рахманир Рахим
Періштенің қолымен жерге жеткен
Құран жайлы бастамақпын сөздің жайын.

Аллаһ сөзі екенінен жоқ күмәнім,
Өмір сүру хидаяты, діндар наны.
Жүз он төрт сүре жаттап қари-хафиз,
Егіп жүр ислам-ықсан-иман  дәнін.

Амалдары бекітілген шариғатпен
Түп нұсқасы құран-кәрім ақиқаттың.
Басқа уәжіп іздеудің қажеті жоқ
Жанашыры ахиретте адамзаттың.

Жұма
Оң аяқпен қадамды етеп басып
Ниеттенген пендеңе бар ма қашық
Қабыл қылсын дұға тілек қол жайғанға
Жұмаға шық бауырлар, жұмаға асық.

Ақиықтан бет алар адам ұлы,
Серік болар фәниде құран үні.
Сапта тұрып, тізе бүгіп, сәжде еткен,
Мешітке кел жамағат жұма күні.

Садақаны кем-кетік қабыл алар,
Шын көңіліңмен не қылсаң - адал болар.
Жылытып жүр, нұрландырып Аллаһ үйін,
Қол алысқан жас бала ақсақалдар.

Кабанбаев Е 11.03.2022


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha