Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

БЛОГТАР

19 наурыз 2022
147
0

Рақмет

Рақмет

Анама рақмет айтамын - есігін аштың дүниенің.
Әкеме алғыс айтамын - туын ұстаттың тегімнің.
Ағаларға көп алғыс - сенімім мен тірегім.
Әпкелерім ардақтым - сіздерден шуақ көремін.

Іні, жиен, нағашым - әқайсысың дарасың.
Жезделерім жайдарлы - әкедей болып барасың.
Жеңеше, күйеу, келіндер - жадырап күтіп аласың.
Құдаларға мың алғыс - мың жылдық болып барасың.

Достар құрбы әріптес - жарысып бірге өсемін.
Ата-Ене, қайын жұрт  - әрқашан бас иемін.
Көршілерім қолқанат- қол ұшын созған қашанда.
Қара шаңырақ туған жер - сағынатын киелім.

Асыл жарым құмарым -
Құдай қосқан серігім.
Ұл-қыздарым тұмарым -
Болашаққа сенімім.

Баршаңа алғыс айтамын
тілегімді қабыл ет,
Амандық -саулық-береке
Ырыс қонсын бақ-дәулет
Өміріме мән берген
Мейрімі шексіз құдырет
Тілекшім болған бабама
Аллахым берші рақымет.

Қабанбаев Е.
31.12.2022


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha