БЛОГТАР
БАРЛЫҒЫ
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
СЫН
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
ӨЗ ОЙЫМ
ШЕЖІРЕ
БІЛІМ
ТАРИХ
АУДИО
ВИДЕО
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ӨНЕР
ЛАЙФХАК
ШОУ-БИЗНЕС
МЕНІҢ АСТАНАМ
ҚИССА
АУДАРМА
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯХАТ
РЕЦЕНЗИЯ
СҰХБАТ
19 наурыз 2022
172
0
Мен бақыттымын
Мен бақыттымын!
Мен бақыттымын -өйткені менің Анам бар!
Анадан ерек ғаламда қандай адам бар?
Мен бақыттымын - сүйемін шексіз анамды,
Анаға ғашық баланың жырын салам да.
Жарқ еткен дүние есігін ашқан сіз маған
Қол созып сізге тәй-тәймен бастым қаз қадам.
Алғашқы Мама дегенім білем есіңде,
Бір аттап шықсам алаңдап күттің даладан.
Мен бақыттымын - Анамның жүзін көргенге,
Айнала гүлдеп құлпырды өзің күлгенде.
Есімде әлі етектен тартып жүргенім,
Жұмақтың иісі аңқиды ақ сүт емгенде.
Мен бақыттымын - сый бар ма қымбат осыдан?
Бар ма екен арман іздейтін өзге ғұмыр-мән?
Ризамын ана алғысым шексіз, қарызым.
Амандығыңды сұраймын әр кез Алладан!
Ержан Қабышұлы 16.11.2021ж
Пікір қалдыру: