Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

БЛОГТАР

19 наурыз 2022
150
0

Қатал қаңтар

Қатал қаңтар

Қара суық, мүрде толы мәйітхана.
Кезекте қайғы жұтқан әке, ана.
Көргенге осы жолы ынтығы жоқ,
Ойында айып қана, тайып сана.

Сыз өтті ау, жаурадың ба? Ботам-ау! - деп.
Тоң темір, тақтай төсек батты ма кеп?
Табаннан ызғар шалып өтсе дағы
Марқұмына жаны ашып,
тұр зар илеп.

Аяқ асты тапталды тілек арман.
Бұл тойыңда молдеке жүр асабаң.
Сұрақ көп, амалым жоқ. Не қылғаның?
Соғыс жоқ, бейбіт күні О Жасаған!

Оу Қаңтар! Қатал қаңтар, қатыгезсің!
Тасбауыр анасың сен, қанішерсің!
Ақ шапан, бөрік киіп алсаң дағы -
Ішің қан, ойың жаман, жат екенсің.

Талғаусыз, сотыз, сынсыз неге атқыздың?
Тағысына жазықсызды неге алғыздың?
Уа Билік! Маңайыңнан иісі кетпес.
Қанша жусаң кетпейтін қан ағыздың.

Қайғыңа ортақпын қазағым марқұмдар иманды болсын.
13.02.2022
Кабанбаев Е


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha