БЛОГТАР
БАРЛЫҒЫ
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
СЫН
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
ӨЗ ОЙЫМ
ШЕЖІРЕ
БІЛІМ
ТАРИХ
АУДИО
ВИДЕО
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ӨНЕР
ЛАЙФХАК
ШОУ-БИЗНЕС
МЕНІҢ АСТАНАМ
ҚИССА
АУДАРМА
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯХАТ
РЕЦЕНЗИЯ
СҰХБАТ
19 наурыз 2022
213
0
Көпнүкте
Көпнүкте
Уайымдаймын жиналмаса бір ойым,
Том-том кетер қағаз қоқыс шелекке.
Бір шұмақты бастайсың да сол бойы
Басың қатып, шимайлайсың көпнүкте.
Шабыт бер деп жалбарынып музаңа
Сабырлықты жоғалтасың әп-сәтте.
Не болған? -деп, - О заман да- бұ заман.
Табылмаған ұйқас орны көпнүкте.
Тыныш жерді жапандағы аңсайсың
Сонда талай туындылар өрбіткен.
Шабыт жоқта сөзден ляззат алмайсың
Әр шұмақта дайын тұрар көпнүктең.
Е. Қабанбаев
8,01,2022
Пікір қалдыру: