Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Бойдақтың хикаясы

БЛОГТАР

25 наурыз 2022
121
0

Бойдақтың хикаясы

Қырықттан астым сұрбойдақ айып етпеңіз
Уақыт болмады, мал жинап жүрдім сөкпеңіз
Ағайын бауыр үйлен - деп,- жүрме қаперсіз,
Немере баққан қатардан қалып кетпеңіз.

Атандай алып, арбаға болар жексеңіз
Жұдырық балға иығым құлаш сенсеңіз
Бесжүз қой ешкі екіжүз жылқым жүр семіз
Байлығым жетер даладан жинап мол егіс.

Жар іздеу деген добалдай маған сөккен іс
Қалаға келдім көшесі қырғын кептеліс
Бұл жерде көп-ақ сұлулар бойшаң теп-тегіс
Досыма келем жыл өтті көрмей он сегіз

Автобус толық тар жерде қызу үйкеліс
Алдыма тақау ырсылдап келді бір семіз
Шашы ұзын сары көздері терең көк теңіз
Білмеген әсте сезіндім іштен өзгеріс.

Қастары қалың беттері алма екі егіз
Еріні бантик, көрікпен мынау құрттыңыз
Қадалған бойы көз алмай тұрмыз бірге біз
Мұрыны тәмпіш сен бе едің жарым мұртты қыз.

Соңғы аядама селк ете қалдық екеуміз
Түсіндік бәрін тіс жармай ұрттан бір лебіз
Осылай қалдым беттеген жолдан елеусіз
Күтпеген жерден көктем
басталды, бітті күз.
   *
Жөн ғой уағыңда қосағыңызды тапсаңыз
Тағдырға сот жоқ, болмасын дағы өкпеңіз
Қандай болса да алдыңа келер бағыңыз
Қосылмай оған әтегенаймен өтпеңіз.

Кабанбаев Е 15,03,2022


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha