Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

БЛОГТАР

04 сәуір 2022
83
0

Жер шері

Наурыз бітті, бірақ халқым жүр мұңлы?
Тағы не деп осы жолы көк ұрды?
Бас көтермей бұғып қалды не үшін?
Қалаулылар қалғып-шұлғып не қылды?

Шалғайдағы маңайдағы ауыл жұрт
Кеңшіліктен таршылықты көріп күрт
Тағалаған шошқаларын депутат
Даттары жоқ, Айтарың жоқ нағыз қырт

Жердің дауы оң  шешімін таба алмай
Неғып отыр құзырларын қолданбай?
Маңыраған 160-тай қой ешкі
Бір текемен қошқарға жүр бата алмай.

Ауыл маңы егіс жерін ала алмай
Қорадағы байлау малын жая алмай
Қор болып жүр тақыр жерді айналып
Бай манаптың шалғынына өте алмай

Жарты ғасыр меншігіне бергізіп
Қоршап алған тікен сымды кергізіп
Аттап өткен малдарына ашыққан
Масақ үшін айыппұлды  ілгізіп.

Кім ойлаған қор болар деп дарханнан
Аманат боп қалған жерден атадан
Сатып  жатыр пердесіне жамылып
Аманат жүр нұріндетін жұқтырған

Кабанбаев Е.
03.04.2022
“Жер үшін ер -ер үшін ел”
#АУЫЛДЫҚОЛДАУ


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha