Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

БЛОГТАР

04 сәуір 2022
65
0

Homosapiens

 

Адам менен уақыт аяқ шалысып,
Бір-бірінен ұзамайды қалысып.
Болмыс талап-шартын күнде жаңартса,
Тіршілігін қылар пенде жарысып.

 

Бағындырып ғылым қарсы ағысын,
Алпауыттар арпалысты алысып.
Қарқынынан қауіп көрем неге мен?
Сескендірер неден аяқ алысы?

 

Қыл көпір ме, жүзі мекен пышақтың?
Төнер шақтың өткелдерін ұқсаттым.
Жетіқаттың қазып пайда
жатырмыз,
Қияметке орын жайлап босатып.

 

Надан деме! Ойды тыңда ұзақ тым.
Түйсік болса, табиғатқа құлақ түр!
Ашкөздікпен ысыраптан сарқылар,
Бұл дүниеде несі қалды ұрпақтың?

 

Жойып құрту көзделген бір мақсаты.
Бір-біріңе пайда үшін оқ сатып,
Жау көреміз бірімізді біріміз,
Жүз ғасырда қортылмайтын у шашып.

 

Шөлге айналып баба көрген көлдерің,
Кен қазаны қаңыраған белдерің.
Түтіндерін будақтатқан мұржалар,
Өкпепелерін бітеп жатыр елдердің.

 

Жағалары мұхиттардың май көбік,
Кит балық пен ит балықтар жүр өліп.
Бір заманда азық болған молынан,
Қызыл кітап толықтырды күрт шөгіп.

 

Ақ аюлар ауып жатыр Сібірге,
Ну ормандар сиреп жатыр өртенген,
Ішіндегі аң, құс, жәндік жай таппай,
Жерұйығын тастап қашты іңірге.

 

Антарктида мәңгі тоны күнде еріп,
Жапа шекті арал тасқын су келіп.
Мұздықтардың тұщы суы азайып,
Асып кетті тұздық судың мөлшері.

 

Жер Ананы жұлып жатқан жан жаққа
Арамтамақ (паразит*) қатыгез бе адам, А?
Табиғатпен ұштасудың орнына,
Бір бірімен күштесу ме арманы?

 

Бұл майданда адам ғана ұтылар.
Өркениеттер алма-кезек құртылар.
Сынап тұрған табиғаттың тылсымын,
Тірі қалар тіршіліктер ұғынған.


*
Адамға ойлау қабілетін берген, бірақ не мақсатпен?

28.03.2022
Кабанбаев Е.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha