Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

БЛОГТАР

04 сәуір 2022
99
0

Боранда

Бұрқырап, борап соғып, жатқан дауыл.
Көрінбейді көшесі, үйлер, ауыл.
Жаяу жүрген жолаушы бас көтермей,
Бұғып алып, беттеген неткен ауыр.

Жол тайғақ, жезтырнақ бар дөңгелекте.
Алай-дүлей ат шықпаушы ед ергенектен.
Амал жоқ шаруаның тығыздығы,
Ауылдан шығып едім мен көлікпен.

Терезе тазартқыштар билеп жатыр,
Сыртына мұздар еріп, бірде қатып.
Екі көз жұмылмастан
еріп келем,
Алдағы көліктердің қарап шамын.

Жол шеті әлсін-әлсін білінеді,
Ұйытқан желден мәшін теңселеді,
Бұрылып, аяндадым шетке қарай,
Байқағандай  жыбырлаған әлденені.

Тежеткішті батырып түп еденге,
Тоқтап шықтым сырт жаққа сәл елеңдеп.
Жатыр екен құлаған қария бір,
Қолын сермеп, ойбай сап,  
зар илеген.

Керең дауыл айқайын естіртпейді.
Аяқ шалып, қасына жеткізбейді.
Еңбектеп, ептеп бардым әрең-әрең,
Сәбидей жорғалаған осы күйде.

Қолтықтан тартып едім демеудетіп,
Қарт басын бұрды
бері, үрейлі тым.
Қастары қырау басқан,  шаштары мұз.
Үсік шалып, қызарып беттің етін.

-Құлным ау! Құлап қалдым! Не қылайын?!
Шығып едім күтпестен көлік дайын!
Күйім осы, үйде ұл зәресі ұшып,
Мені іздеп жүр-ме екен, А құдайым!

-Апатай, қане кеттік меніменен,
Уайымдама, қауышасың еліңменен!
Жұбатып, машинаға отырғыздым,
-Апырай, неғып жүрсіз дәу сөмкемен?!

-Е, балам! Еріккен деп айып етпе!
Немереме сарқыт қой,
қала кеткен.
Оқушымның қарыны аштыма деп,
Пенсиямнан алып ем майлы еттен.

-Жөн жақсы, апатайым аман болшы!
Сіздер барда біз бала, жүзге толшы!
Деп қалаға сырласып, жетіп алдық,
Бұрқасынға қарамай жолмен оңды.

Немересі қыз бала аңқыдлаған,
Күтіп алды әжесін есен-аман
Бері кел,-деп, -Айналайын бақытты бол!
Ризалығын білдірді мол ғып маған.

*
Жол - өмір, боран - сынақ төзе білсең
Қараңғыда жарық бар іздей жүрсең
Теңгедей бақ жерде жатыр,
еңкейіп тер.
Ерінгенге тегін жоқ қисық бақыр.

Кабанбаев Е.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha