Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Ата заң жайлы

БЛОГТАР

19 мамыр 2022
94
0

Ата заң жайлы

Ал ағайын!

Әрбіреуің татыған 100 адамға!
Бұл таңдауға алаңсыз құрда қалма!
Ата заңын қазақтың жазысайық,
Бармысыңдар өзгеріс қолдағандар?!
Ел еңсесі түскенде беті қашып
Ертең әттең айтумен бұлданбаңдар!
Халық қайдан ашығын біліп жатсын
Өздеріңдей еренім тумағанда!
Жалпыға үлгі болып үгіт жаса
Оянсын көкірегі тулағандар
Күлтөбенің басынан Әз Тәукеден
Не шығар ед үш биі болмағанда
Жеті жарғы заңдары дәстүрге сай
Жазып кеткен Есімхан-Қасымхандар
Аты Алашым қосарың болса үлес
Қолдау менен үгіттен қысылмаңдар
Ел тағдырын депутатқа сырып қойып
Бастарыңды төменге батырмаңдар
Ақ қарасын білдіріп сыңға алайық
Білсеңдер жөн-турасын жасырмаңдар
Панасын зиялыдан күтті халық
Шарасыз  шыңырақтай шашылмаңдар!

Қазағым жасай берсін бір отауда,
Бір емес шексіз ғұмыр ғасырларға!


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha