Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Блогтар
БИЫЛ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА 22 ЖЫЛ!

БЛОГТАР

29 тамыз 2017
4174
0

БИЫЛ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА 22 ЖЫЛ!

         Айтулы мерекені атап өту үшін бүгін біздің кітапханамызда «Ата заң айбыным» атты мерекелік кездесу кешін өткіздік. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Анар Нұралықызы, заңгерлер, кітапханашылар және оқырмандар қатысты.

       Кездесу кешінің арнайы қонағы Анар Нұралықызы мемлекеттің негізі ата заңымыздың принциптері мен бағыттар, нысандары және әдістемелері жайлы өз ойын ортаға салды. Конституция қай кезде де қоғам және мемлекет дамуын реттеп, адам қарым-қатынасын орнықтырып отырады. Анар Нұралықызы жиылған қауымды ең алдымен конституция мерекесімен құттықтады. Ол сондай-ақ, өз сөзінде өмірдің ағымы мен қоғамдық қатынастарға байланысты белгілі бір өзгерістердің адам құқықтары мен құндылықтарын қорғайтынын, өркениетке бастайтынын атап өтті. Конституциялық реформалардың барлығы заң жүзінде іске асырылып келеді. Осыған байланысты билік тармақтары арасындағы өкілеттілікті бөлу мәселесі бойынша біршама конституциялық өзгерістер енгізілген. Сондай-ақ, біздің заңнамамызды конституцияға сәйкестендіруге байланысты заң жобасы қаралып, 8 кодекске және 46 заңға өзгерістер енгізілген.  


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha