Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Әділ Ахметовтің «Ғасыр ғибраты» атты туындысының таныстырылымы өтті

БЛОГТАР

16 қыркүйек 2019
308
0

Әділ Ахметовтің «Ғасыр ғибраты» атты туындысының таныстырылымы өтті

Ұлттық академиялық кітапханада филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметовтің «Ғасыр ғибраты» атты туындысының таныстырылымы болып өтті.

Бұлшара автордың «Фолиант» баспасынан 2018-жылы жарық көрген ғылыми-публистицикалық монографиясының терең өңделіп, соны материалдармен толықтырылған екінші басылымына бағышталған.

«Ғасыр ғибраты» бүгінгі таңдағыжаһанданған әлемнің геосаяси келбетін, Қазақстанның әлемдік геосаясаттағы орны мен беделін, антропогенез саласында әлем ғалымдарының қол жеткізген кейбір ғылыми жетістіктіктерін, сондай-ақ, Мұсылман әлемінің бүгінгі болмыс-бітімін сипаттайтын ғибратты мақалалар мен очерктерден тұрады.

Автордың 2001-2019-жылдар аралығын қамтитынматериалдар легі түгелдей Еліміздің бас газеті - “Егемен Қазақстанда” жарық көрген. Бұл тұрғыдан келгенде, автордың жаңа туындысын жалпыұлттық газеттің 100 жылдығына арналған нақты сыйы десе де болады.

Әділ Ахметов – мемлекет жәнеқоғам қайраткері ғана емес, танымал түрколог ғалым.  Ол – Ресей және Қазақстан Халықаралық жоғары мектеп ғылым академияларының мүшесі. Ғалым сонымен қатар “Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер”, “Азия – Берингия - Америка”, “Америкалық ‘үндістердің’ алтайлық тегі”, “Түбі түркі өркениет”, “Код Евразии. На пороге пятой цивилизации”, “Еуразия коды. Бесінші өркениет табалдырығында” атты терең ғылыми-танымдық монографиялардың авторы.

“Ғасыр ғибратының” таныстырылымына елімізге танымал тұлғалар мен ғалымдары қатысты.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу