Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Айтылмай қалған сезім...

БЛОГТАР

03 қыркүйек 2019
193
0

Айтылмай қалған сезім...

Өмір һәм жалған

 

«Балам, сен елдің алдына шығам деп ұмтылма!..
Ортасында бол!
Ілгері кетсең біреудің – көзі тиер, артта қалсаң – сөзі тиер! 
Бірақ, алдыңдағылардың артықтығы мен арттағының кемшіліктерін 
безбендей жүр.
Сенің алға шыққаныңды күтіп жүріп, шақыратын да мезгіл болады. 
Міне сол кезде іркілме!»
Бұл сөздерді қара шал неге айтты екен, менің белгілі кемшілігімді 
нұсқады ма, ол жағы маған беймәлім?.. (Сұлтан Қадір 

 

Өмір жалғанмен,
Бөлінбейді. 
Жоқ болғанмен, 
Бар,
Көрінбейді.

 

Шаттығың көп көрген,
Ошағы ән-жырдың.
Күркіреп өткен көктемнен,
Өткінші жаңбыр қалдырдың.

 

Асыққан әр күнің – жолаушы,
Бұрылып қаратпай.
Тырсылы тамшының санаулы,
Өткен сағаттай.

 

Шақырса баратын, өзі келмейтін,
Қонақтай.
Тамшыдай таматын,
Өмір, өлім  – көрінбейтін,
Қос жолақтай!..

 

 

 

Айтылмай қалған сезім...

 

Келгенің...
(Әр көргенің шырын жыр!)
Сығылған құрттай, сығым бір.
Төбесі көкке жеткеннің,
Аржағы тағы бұлыңғыр.
Саналы жаның ұққандай,
Күткендей ұзақ  жыл құсын.
Ауаны қарпып жұтқандай,
Бақыттың өзі – бір жұтым.


Кеткенің...
(Қажеті жоқтай өкпенің!..)
Қайнаған қара бұлттардай,
Тасырлатып өткенің.
Құлашың жетпей бақытқа,
Жоғалғанды сезіну.
Сезіну деген уақытша,
Мойындау, сосын жеңілу.

 

 

*** 

 

 

Өшірмей ыстық сезімді, 
Алдыңа жанып келіп ем. 
Айтайын деген сөзімді, 
Айта алмай тұрмын еліктен?! 

 

Қырларды кезіп осылай, 
Кетейік дедім, 
Жүр бірге. 
Қас-қағым сәтті осын-ау, 
Қимаймын неше күндерге. 

 

Бұл менің айтпақ, 
Ойым ғой, 
Сен соны сезіп білдің бе?! 
Үндемей кеттің, 
Күлдің де!

 

 

***

 

 

( Жалғыздықтың ең жаманы – қимасыңнан айырылу.)

Мен көрдім ұзын қайың құлағанын...
... Жылы жүрек суыды, жара түсті,
Шықпаған шыбын жанмен күн өткіздік... (Абай

 

Деді де, қала бер... себебі,
Болған да керегі...
Кетті ол қоштаспай, иелеп бір төбені.
Қолымда шиырған тым ащы «Беламор,»
Тұқылы қалғанша шегемін.
Өмір де...
Ол мені шегеді, Құдайдың үкімі болғанша,
Ал менен не керек, ала бер,
Тек, білгім келеді,
Жамандар басқан қара жер,
Жақсыны неге көмеді?!
Жүргің келді бір жақтарда сенің, шын,
Қадам басып, биік-биік тауларша.
Мені алып не қылсын,
Сені күткен, Қособада жау болса?!


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha
Жазба қосу