Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Астра лайсаң және алертұмай

БЛОГТАР

31 наурыз 2019
212
0

Астра лайсаң және алертұмай

                                                                              

 

Айнала тас қараңғы.Егер, сіз қарақшы болсаңыз, айналадан, шырмалған өрмекшінің торы мен шаңнан басқа ештеңе таппайсыз.Жоқ! Тоқтаңыз.. бәлкім және де тышқаннан басқа деп айтқанымыз жөн болар .Хм, қызық екен профессор Меридианның бөлмесінен тышқан көрмегелі үш жүз жыл болды ғой ,  әрі бұл «Алертұмай» мектебінен тышқан атаулыны көруіміз тым сирек жағдай.Себебі , мектеп  директорының орынбасары Бипаз ханым мектепте тазалықтың болуын қызметші ханымдардан қатал талап етеді.Бір де , Бипаз ханым кезекті мектеп ашылу салтанатында Алертұмай мектебінің  болашақ студенттеріне мектептен  маса түгілі шаңды да көрмейсіздер деген болатын.Ендіше , мына бөлме неге шаң мен өрмекші торына балқыған дейсіздер ғой!? Бипаз ханым профессор Меридиан мырзаға бөлмені таза ұстаңыз деп қанша рет ескертсе де, Меридиан  мырза кішкентай балаша анасының сөзіне құлақ аспаған жандай боп бой бермейтін.Бұл Алертұмай мектебіндегі жалғыз шаң мен тозан мекен ететін бөлме десек қателеспейміз. Жә, тышқандарға оралайық .Олар қайда кетті? ӘӘ , ана жерде сұр тышқан жерге құлағын түрумен  әлек. Ақ тышқан да сұрақ жаудырып , бой берер емес. Бір кезде , есік аңқия ашылды.Тышқандардың неге сонша түршіккендері енді түсінікті болды. Профессор  Меридиан  тағы бір нәрсесін ұмытып кетсе керек , әдетте ол кісінің еске түсіру мерзімі түңгі үште басталады.Міне , ол суырмаларды тінтіп келеді , тінтіп келеді.Финиш соңына жетті. Ол кенеттен , өз олжасын тапқан қарақшыдай  қарқ етіп күліп жіберді.Таптым деді , оның дауысы эхо толқынындай Алертұмай мектебін бір айналып шықты.Ол кісінің дауысы зілді еді .Сондықтан да , профессор өзіне микрофон ұсынғанда оны қажет деп таппайтын. Професор Меридианның  сыртқы бет пішіне келсек , оның бетін ұйысқан ақ сақал басқан , мұрны сақал астыны тығылған , ерні де  ақ қарға көмілген.Професор бұны дивианты ауытқушылық деп атайтын.Дивианты ауытқушылық дегеніміз , мысалы, сіз көпшілік жиналған ортаға келдіңіз дерлік , сізді сахнаға бір ауыз сөз айтуға шақырды.Міне , сіз қолыңызға микрофон алдыңыз , сөйлеп жатырсыз, бір кезде шетте отырған жанның мұрын шұқып жатқаның көрдіңіз.Әлбетте, сіз жеркендіңіз,  сіз оған көз тіктіңіз, ал ол жалма-жан мұрның тазалауда.Оны  алжыған деп ойлайсыз ба?! Жоқ, міне бұл дивиантты ауытқушылық деп професор Меридиан біреуге өз заңын түсіндірумен болды.

 

- Мына, сен алжыған шығарсың! Өз-өзімен сөйлесіп, - деді сұр тышқан мырс күліп.Професор Меридиан басын үш жүз алпыс градусқа бұрғандай артқа жалт қарады.

 

Ақ тышқан әріптесінің басынан жұдырықпен бір қойды да, алдына көзі шарасы шыққандай қарады.Қараса, профессор жоқ.

 

- Тұр ,- деді  ақ тышқан сұр тышқанға. Екеуі кенеттен  шаңдай жоқ болды.Ал професор  Меридиан  бен шыбын баяғы баз қалпындай өз орындарында.Маса ызын –ызын етіп професор құлағын қыдықтап барады.Сонда Меридиан:

- Мен сені түсінбей жатырмын Сид, - деді.

 

Сид көзді ашып жұмғанша масадан алып пілдей жанға айналды.Ол ұзын бойлы , дәл  «Үлкен және  жақсы Дәу» фильміндегі Дәу сияқты еді, тек оның бір айырмашылығы , оның бойы керік мойынындай ұзын болғанымен , жүрегі тышқандай кішкентай еді.Иә , ол сараң болатын.

 

Професор, шамасы сіздің ақ қардай таза мұртыңыздың астына тығылған мені мына доңабайттар байқамаған секілді.

 

- Жоқ , бұлар Доңабайттар емес , Магма Ганстердің құлаққағарлары ,- деп  професор сұм көзін хатқа қадады.

 

- Бірақ , профессор,  олар бұл жерде не жоғалтты? – деді Сид.

 

- Хат.

 

- Хат ... деп таң қалды Сид, мән жайды түсіңбей.

 

- Магма Ганстер Астраның бұл мектепке келетін сезсе керек .Дәл , сол себептен ол өзінің құлаққағарларын жіберіп отыр.

 

- Професор , Астра деген кім? Меніңше, Спектр факультетінің бетке ұстары  Алан Ганстер болу керек.

 

- Жоқ , Астра деп жерде тұрған қара мысық Сидқа айғалап жіберді.

 

- Кш , кш деп Сид  қасында тұрған сыпырғышты алып , мысықты бөлмеден қумақ болды.Професор Меридиан күлкіден шегі қатумен болды.

 

Кенеттен жердегі қара мысық көрікті әйелге айналды.Ол Сидтың қолынан  сыпырғышты жұлып алып жерге лақтырды да:

 

- Шамасы , мектеп заңдылықтары сізді тәртіпке салмайтын сияқты Сид мырза!!! Деп Бипаз ханым Сидке оқты көзін қадады.

 

- Жоқ, мен сізді мысық екен деп ойлап қалдым. Менің мысықтарға аллергиям бар екенің сіз білесіз ғо ғооой ... деп Сид тырнағын сорумен өзінің кінәлі екенің көрсетпек болды.

 

- Ал сіз ше ! Професор Меридиан!!! Мені табалап, сыртқа мына Сид мырза қумақ болған да , деп Бипаз ханым сиқырлы таяқшасын Сидке қадап , қайта алды да  қырағы көзімен професорға қарап:

 

- Сіз , ыржақтап күлгеңізге жол болсын!!-  деп дауысын пафосқа көтерді.

 

- Бипаз, деп айтайын деп жатқаныңда , жоғарыдан үлкен тарсылдың дауысы шықты.Професор Меридиан , Бипаз ханым мен Сид тез баспалдақпен жоғарыға көтерілді.Қараса , мектеп ішіндегі студенттер  жандары кеудесінен шыққанша жан-жаққа қашуда , ал артарынан бір үлкен айдаһар қудалауда.

 

- Мүрдем!! - деп Меридиан сиқырлы таяқшасын айналдырып , айдаһарға беттеді.Айналаны ашуымен сескендірген Айдаһар тас болып қатып қалды.

 

- Тынышталлллллллл!!!! - деп професор мектепті айналатындай тербеліс жіберді.

 

Студенттердің барлығы әскери адамдардай қатар болып тұра қалды.

 

- Кім бұны істеген ?! деп Бипаз ханым Сидтің қасынан айғалап шықты.

 

Барлығы шетте тұрған сары шашты, бойшаң , түрі сүйкімдірек келген , деседе тентек балаға сұм жүзбен бет бұрды. Бұл Алан Ганстер, спектр факультетінің бірінші курс студенті .Әрі , Магма Ганстердің қияңқы ұлы.Десе де, спектр факультетіндегі ең үздік Маг.

 

Алан Ганстер жазалатының біле тұра  , професор мен Бипаз ханымға күліп қарап тұрды.

 

Дәл осы сәтте әлемнің екінші шетінде , дәлірек айтқанда үлкен екі қабаттан құралған үйде бір қыз анасына ақталуда еді.Қанекей , әңгімелеріне үңіліп көрейік.

 

- Шын айтамын анашым , түсім де қолыма сиқырлы таяқша , астымда сыпырғыш  болды ,- деп таң қалған жүзбен шашы ашық қоңыр , беті ақшылдау, қасы қалың , ал көзі марс планетасындай қара келген қыз анасына түс емес , тарих баяндағандай болды.

 

- Астра, сенің Гарри Поттердің фанаты екеніңді білеміз , бірақ , бұл сенің шаман екеніңді білдірмейді , - деп бойы бойшаң , шашы балапан жүніңдей сары, мұрны сүйір ер жігіт қолыңы алған мандаринді аршып , біреуін аузыңы тастады да.

 

- Шаман емес , МАГ ! - деді екі қолың салбыратып Астра.

 

- Кім болса да , қызым , тезірек жуын ,- деп  арықтау келген, шашы дәл  жолдасы секілді сарғыш түсті әйел турап жатқан қартобын тастап , қызын жоғарғы бөлмеге итерді.

 

Қыз, ашуға булығып , баспалдақты  тас-тұрс етіп , бөлмесіне кетті.Ал астыңғы  бөлмеде қалған анасы мен әкесі бір - біріне басын бір изеп, жұмыстарын қайта жалғастырды.

 

Міне, ол  қараңғылау келген бөлмеде.Астра жарықты ұнатпайтын.Сондықтан, бөлмесіндегі үлкен терезе кеңседегі пердедей жабық болатын.Жоқ, Астраның бөлмесі дәл кітапхана іспеттес.Себебі, оның бөлмесіндегі кітап сөрелерінде ғана емес , тіпті оқу үстелінде де кітаптар орын алатын.Ол үнемі бөлмесі кітапхана сияқты болуын қалайтын, сол себептен болар, бөлмесін кітапханаға ұқсатып таза ұстауы.Тазалық демекші , Астра міңезі қырсық болғанымен, өте таза , вундеркинд қыз.Ол терезені ашты да:

 

- Олар мені түсіңбейді , - деп айналаға қарады.Суық күздің ауасы бетіне самал желдей ұрды.

 

- Жоқ , сен оларды түсіңбейсің деді бір дауыс.

 

Астра жан-жағына қарады , айдалада  сары алтынға оралған жапырақ пен әкесінің қызыл машинасынан басқа еш нәрсе жоқ.Жоқ, тоқта ! Ол ағашта отырған қара мысықты көрді.Ол қалай ағашқа шығып алған деп мысыққа бір қарады да , артына бұрылғаны  сол еді , қайдан екені белгісіз әлгі мысық дәл алдында  отырды.

 

- Мысық …. деп Астра  қара мысыққа қарады..

 

- Мысық емес !  Бипаз.

 

- Бипаз, деп  әзер дегенде қайталап , аузы ашылғаның байқамаған Астра.

 

- Б .И.П.А.З. Деп сұр жүзбен қызға жақындамақ болды .

 

Қыз артқа шегініп , қолына үстел үстіңде жатқан әйтеуір  бір нәрсені қорғаныш ретінде алмақшы болды. Бипаз ханым  кішкене сөмкесінің ішінен хатты іздеп жатқанда , қыз оған сызғышпен тап бермекші болды.Бипаз ханым қыз қолындағы сызғышты  сиқырлы таяқшаға айналдыр да , хатты Астраға ұстатты.

 

Астра маңдайынан тер ақты.Ол не болып жатқаның өзі түсіңбеді.Бірақ, Бипаз ханымнан хатты алуға бас тартпады.

 

Бипаз ханым дереу қалтасынан алтын сағатын шығарып , бір қарады да:

 

- Менің тез мектепке қайтуым керек. Алан Ганстерді жалғыз қалдыруға болмайды деп жоғалып кетті.

 

- Алан деп бұл есімді қайта-қайта қайталап мамық төсегіне Астра қайта отырды.Бір кезде Алан Ганстер деген есімді ол түсіңде естігенің есіне түсірді де :

 

- Жоқ! Мүмкін емес! деп орнынан атып тұрды.Бір кезде есік қағылды.Астра! Астра! Деген есіктің ар жағынан дыбыс шықты.Бұл Астраның анасының дауысы еді.Астра дереу арада хатты төсектің астыңа жасырда да , есікті ашты.Анасы қызының шошыған жүзің көріп, құшақтай жөнелді де:

 

- Астра, қызым , барлығы жақсы.Әкең екеуіміз сені ренжітеміз деп ойлаған жоқпыз , қане , жүре ғой деп Астраны астыға кешкі ас ішуге бөлмеден алып кетті.

 

Астраның әкесі мен шешесі Астраның ашуынан қатты қорқатын.Қорқуға негіз бар  Астра ашуланса, не болмаса , біреуге ренжісе , ол өкпесіндегі ашу мен ренішті кек қылып сақтайтын.Кейде оның ашуы ұзақ тарқамайтын еді.

 

Бипаз ханым  өз кабинетіне жетуге асық .Оның миын доңабайттар жолда пайда болады деген жан түршіктірер ойлар жаулап алған. Бипаз ханым сыпыртқымен құдды ғарыш ракетасындай үлкен жылдамдықпен ұшып келеді.Бір кезде оның жолында доңабайттар кезікті.Ол бұны сезген еді.Доңабайттар бұл Ахроматтың көмекшілері.Олар шаң іспеттес , жүзі, не денесі жоқ амебалар.Жолында кезіккен  магтарды өздерінің жалған аяқтарымен сорып алудан жан қалдырмайды.Кенеттен артқы жақтан бір сәуленің ұшы көрінді .Барған сайын жарық ұлғаюда.Бипаз ханым мен доңабайттар сол жарыққа қадалып қарап тұр. Жарық келді де , доңабайтты шалқасынан жерге түсірді.

 

- Смарт ! - , деп қуаныштан көзіне жас алды  Бипаз ханым.

 

- Бипаз ханым. Мен мектепке ұшып бара жатқан тұста сіздің сыпыртқыңызды байқадым , дәл уақытында келіппін,-деді Смарт.

 

Смарт Алертұмай мектебінің болашақ студенті . Професор Меридианның асыранды ұлы.Смарттың сыртқы келбеті сымбатты, шашы көмірдей қара болғанымен , көзі ашық аспандай көгілдір.Бірақ , оның қолы тап бір мұз іспеттес үнемі суық күйде болады. Бұл оның жүрегі кендігінің белгісі деп профессор Меридиан алғаш оны қолына ұстаған сәтінде айтқан болатын.Өйткені , қолы суық адамдардың жүрегі жылы болады-  мыс.

 

Астра өз-өзіне келген соң , өз бөлмесіне келіп , манағы тыққан жерінен хатты алып шықты.Хат қызыл түспен қапталған , тіпті жібінің түсі де қызыл түсті.Ал сыртында айдаһардың бейнесі бар мөр басылған.Хаттың ішінде ештеңе жоқ.

 

- Бұнысы несі? Деп айтқаны сол еді , хатқа жан біткендей , ол сөйлей жөнелді:

 

- Астра Лайсаң , сізді қыркүйектің бірі күні сағат екіде Alertumai мектебінің үлкен залында күтеміз.Директор Меридиан,-деді де хат жерге құлады.

 

- Не? Бүгін қыркүйектің тоғызы ғой!

 

- Айтпақшы ,-  деп қайта тірілді хат.Професор Меридиан ұмытшақ болып келгендіктен , хатты сізге дәл уақытында жіберуге ұмытып кетті.Бірақ , сіз ертең Alertumai мектебіне жол жүрсеңізде кешікпейсіз.Мектептегі  сабақтар қыркүйектің оны күні сағат таңғы сегізде басталады.

 

- Хм.... Неге оны? Сабақ әдетте мектепте қыркүйектің үші күні басталмаушы ме еді?! Деп ойға шомылды Астра.

 

- Астра , тез жол жүруіміз керек,-деді анасы Алма Лайсаң.

 

- Қайда?деп түк түсіңбей  Астра анасына қарады.

 

- Қызым , түк білмейтін бола қалмашы, әкеңнің әскери қызметкер екенің білесін ғой , міне ол кезекті жол жүруге аттаңғалы отыр,-деп Алма ханым киімдерді тезірек шабаданға салумен болды.

 

 

Жалғасы бар...

 

Авторы: Курманаева Алтыншаш


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha