Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
Әжөн деме...

Блогтар

27.11.2017
5799

Әжөн деме...

-Ә, жөн екен!-деп шығып бара жатқанмын ғой...

-Әжөн деме маған- деген бастығымның жан дауысы шықты.

Селк ете қалдым.

-Әжөн деме маған. Мен бұдан былай Әжөн де Әжеке не Әбеке де емеспін, енді мені тек Әжібай Божыбаевич дейтін болыңдар.

- Құп, бірақ мен Әжөн демедім Ә, жөн дедім...-деп міңгірлей бастап едім. Әжеке туу Әжібай Божыбаевич :

-Әй, болды жетер Әжөн деме дедім бе деме. Телевизор көрмейтін бәле екенсін ғой өзін, кім бастығына олай дейді, бар шық басқаларға да айтып бар.

«Ә, жөн екен» деп айтып қала жаздап тілімді тістей қалдым да:

-Мақұл басеке – деп кете бардым.

Басқалары кім деп ойлап қоям ғой, бұл «мекемеде» екеуімізден басқа адам жоқ қой!

Басекең айтты бітті орындау керек. Содан далаға шығып кеттім, басекенің айтқанын мүлтіксіз істейтін  ауруға шалдыққандықтан болар көшедегі кездескен адамдарға: «бұдан былай  Әжөн, Әжеке, Әбеке дегенді қойыңыздар тек Әжібай Божыбаевич деп қана айтыңдар!» деп қоямын ғой баяғы, біреулер мынау қуама деп бастарын сұқ саусағымен шұқып кете барса, кейбірі: «Бауырым не  болды, Әжібай Божыбаевич деген кім? » деп сұрақта қойып қояды, «Менің бастығым», «аа» деп кетіп қалатындар да бар, енді бірі қадалған жерден қан алады: «Не  болды, Әжібай Божыбаевич деген кім? Қай жерде жұмыс істейсің?» деп. Өтірік айта алмайтын басым: «КЖЖ-да» деймін. Кейбірі: «аа» деп кетіп қалады, кейбірі ия сол қансорғыштар: «КЖЖ деген не?» деп сұрақпен тағы төпелейді ғой баяғы, өздеріңіз білесіздер өтірік айта алмаймын, сосын: «Ол Көлік жөндейтін жер» деймін, біреуі: «аа» десе енді бірі... қойшы әйтеуір, қан алатындарға: «Әжөн  деген бірге оқыған досым еді, әкесі ауылға әкім болды, сосын баласы бос жүрмесін  деген оймен  осы қаланың шетінең жер алып, көлік жөндейтін будка ашып берді, онда екеуіміз ғана жұмыс істейміз, ал, ол маған қазір бастық болғандықтан оның айтқаны мен үшін заң, көшеге сол үшін шықтым, бұдан былай ...», деп өзімше ақтала бастап едім біреуі жуан жұдырықты дәл көзге жұмсағаны ...

Естен таңып қалдым, өз-өзіме келгенімді білемін, бірақ аузым әлі жабылмапты: «Әжөн демеңдер...».


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: