Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

БЛОГТАР

16 сәуір 2019
64
0

Бақыт

Бақыт – уақыт. Құйрығындай түлкінің.

Өте шыққан бұлаң қағып бір күнің.

Ғұмырыңның мың түніне бергісіз,

Ең әдемі және тәтті бір түнің.

 

Бақыт – арман. Үкідейін тағынар.

Тірі жанның бәрі соған бағынар.

Тәтті қиял келешекке жетелеп,

Есіне алып өткенін де сағынар.

 

Бақыт – сезім. Орын алар төріңнен.

Ол зат емес анадайдан көрінген.

Қос жүрекке жол көрсетіп тасадан,

Сәбилердің ыстығына көмілген.

 

Бақыт – өзің. Тазалығы тәніңнің,

Көзсіз ,тілсіз мәні келмес әніңнің.

Он екі де мүшең тұрса күйінде,

Солар екен ең бастысы сәніңнің.

 

Бақыт іздеу әрқашанда күшінде,

Кездеспейді самрұқ құс пішінде.

Оны сезін, таны, илан, ұғын, сүй!

Бақыт деген әр адамның ішінде.

 

1999


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha